• RUB:
    4.82
  • USD:
    439.43
  • EUR:
    473.31
Басты сайтқа өту
19 Ақпан, 2011

Облыстық штаб іске кірісті

360 рет
көрсетілді

«Нұр Отан» ХДП облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Әлібек Қартов БАҚ өкілдерімен өткізген брифингте Қазақстан Республикасы президенттігіне кандидат Н. Назарбаев­ты қолдау жөніндегі қоғамдық штаб­тың құрылып, іске кіріскенін мәлім етті. Штаб төрағасының ай­туынша, алда зор міндеттер тұр. Қазіргі басты мақсат – күшті «Нұр Отан» ХДП атынан ұсы­ныл­ған үміткерді қолдаушы­лар­дың дауысын жинауға жұмыл­ды­ру. Содан кейін президенттікке кандидаттың сайлауалды бағдар­ла­масын жұртшылық арасында на­сихаттау ісіне белсене атсалы­са­тын болады. Жергілікті партия ұйымдары 755 сайлау учаскелері бойынша сенім білдірілген адам­дардың тізімін ұсынуды аяқтады. Әлібек Намимұлы сегіз бөлімнің құрылып, атқарылатын үгіттік-на­сихаттық, ұйымдық шаралардың жан-жақты ескерілгенін жеткізді. Штаб құрамына үкіметтік емес ұйымдар, ардагерлер, жастар, этномәдени бірлестіктер өкіл­дері енген. Қай-қайсысын бол­сын облыс жұртшылығы жақ­сы біледі. Солардың бірі Петропавл қалалық ардагерлер кеңе­сі­нің төрағасы, штаб жетекшісінің орынбасары Григорий Кухарь референдум өткізуге байланысты бастаманы солтүстікқазақстандық сайлаушылардың 56 пайызы қол­да­ғанын, кезектен тыс сайлауда да жерлестеріміздің өз әділ таң­дауларын жасайтынын жеткізді. Штаб мүшелері журна­лис­тер­дің сауалдарына жауап берді. Өмір ЕСҚАЛИ. Солтүстік Қазақстан облысы.