• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
22 Ақпан, 2011

Айыптылар сотталды

595 рет
көрсетілді

Өткен жылы көктемде елді дүрліктірген Қызылағаштағы су тасқынына жақын күндері бір жыл болады. Ауыл қайта қалпына келтірілгенімен, 45 адамның өмірін жалмаған апатқа кінәлі ретінде айыпталғандарға қатысты қылмыстық іске нүкте койылып, жақында кінәлілерге қатысты сот үкімі шығарылды. Талдықорған әскери гарнизо­ны­ның соты Дамир Ахтямов шы­ғарған үкімде «Қызылағаш» таби­ғат пайдаланушылар ауылдық тұ­тыну кооперативі басқармасының төр­ағасы Қ.Бекеев  Қылмыстық ко­декстің 232-бабымен кінәлі деп та­нылып, 5 жылға бас бостан­ды­ғы­нан айрылып, жазасын қоныс коло­ниясында өтейтін болып, бел­гілен­ді. Оған үш жыл бойы кәсіп­кер­лік­пен айналысуға тыйым салынды. Қызылағаш ауылдық тұтыну коо­­перативі басқармасының ат­қа­ру­шы директоры М.Жүнісов жо­ғары­дағы бап бойынша айыпты деп та­нылып, 5 жылға қоныс ко­ло­ния­сын­да жазасын өтеумен қатар 3 жыл кәсіпкерлікпен шұғылдан­байтын­дығы атап көрсетілді. Қызылағаш селолық округінің әкімі Е.Жүнісов ҚР Қылмыстық кодекстің 316-бабының 2-бөлі­мі­мен кінәлі деп танылды. Ол 5 жылға бас бостандығынан айры­лып, 3 жыл басшылық қызмет­тер­де жұмыс істемейтін болып шешілді. Ол жазасын қоныс коло­ния­сында өтейді. Ақсу аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің бас­тығы К. Байзақов 316-баптың 2-бөлімімен 2 жылға шартты түрде бас бостан­дығынан айрылды. Айыптылар орындығындағы Ал­маты облыстық су ресурстары комитетінің бұрынғы төрағасы А.Сабиров, Ақсу ауданы әкімінің орынбасары Б.Тынышбаев және облыстық төтенше жағдайлар департаменті бастығының орын­ба­сары Е.Енинге тағылған кінә сотта дәлелденбегендіктен кінәсіз  деп танылып, сот залынан босатылды. Күмісжан Байжан, Алматы облысы.