• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
01 Қазан, 2016

«Алтын арманнан» құтты қоныстарын тапты

335 рет
көрсетілді

Соңғы жылдары Қостанай қаласының әр шалғайында жаңа тұрғын аудандар жылдам өсіп келеді. Қала сыртындағы бұрын негізінен өндіріс орындары орналасқан аумақ қазір әсем қалаға айналды. Онда тұ­тас тұрғын ауданмен бірге соң­ғы жылдары Назарбаев зияткер­лік мектебі, тағы бір қазақ ор­та мектебі балаларға есігін ай­қара ашты. Toyota, Sang Yong се­кілді әлемдік брендтер құрас­ты­ры­латын «АгромашХолдинг» және «СарыАрқаАвтоПром» ірі зауыттары орналасқан аумақта «Алтын арман» шағын тұрғын ауданы бой көтерді. Ондағы жаңа жобамен салынған әсем үйлер қостанайлықтардың арман мекені десе болады. Таяуда ғана операторы «Бәй­те­рек» холдингі ипотекалық компаниясы болып табылатын «Нұрлы Жол» әлеуметтік арендалық тұр­ғын үй бағдарламасы бойынша 94 отбасы баспаналы болды. Олар­дың қатарында бюджет қыз­меткерлері, көп балалы отбасы­лар, оралмандар, ұстаздар, медицина қызметкерлері секілді баспананы армандап, біраздан бері кезекте тұрғандар аз емес. Пәтер кілтін тапсыру кезінде облыс әкімі Архимед Мұхамбетов «Бәй­терек» холдингінің ен­ші­лес кәсіпорындары тұрын үй бағ­дар­ламасына белсенді қатысып, облыс әкімдігі құрылыстың ырғақ­ты жүруіне кешенді шаралар жасап отырғанын айтты. – Қазір «Бәйтерек девелоп­мент» және Қазақстан ипотекалық компаниясымен ынтымақтаса жұмыс істеу арқасында Қостанай қаласындағы тұрғын аудандарда 9 тұрғын үй құрылысы қарқынды жүргізілуде. «Юбилейный» жа­ңа тұрғын ауданының инфра­құрылымын жасау үшін 6 мил­лиард теңгеден астам қаржы бөлуді ойластырып отырмыз, – деді өңір басшысы. Тұрғындарды баспанамен қамтамасыз ету үшін облыс орталығындағы 5 тұрғын ауданда құрылыс жұмыстарына басымдық берілді. «Аэропорт», «Солтүстік» тұрғын аудандарын­да құрылыс жұмыстары қар­қын ала түссе, «Қонай» және қа­ла іргесінде орналасқан Ми­­чу­рин селосындағы «Юби­лей­ный» тұрғын ауданында инфра­құры­лым тарту жұмыстары жүр­гізіліп, онда 400 мың шаршы метр жеке үй салуға жер телімдері бері­леді. Нәзира ЖӘРІМБЕТОВА, «Егемен Қазақстан» ҚОСТАНАЙ