• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
03 Қазан, 2016

Ташкенттегі Гран-приге қатысатын дзюдошылар тізімі белгілі болды

284 рет
көрсетілді

Дзюдодан Қазақстан ұлттық құрамасының Шымкент қаласында өткен оқу-жаттығу жиыны аяқталды. Енді отандық дзюдошылар 6-8 қазан аралығында Өзбекстанда өтетін халықаралық гран-при турниріне аттанады. Жарысқа елімізден 23 спортшы қатысады. Олардың арасында жасөспірімдер олимпиадасының жеңімпазы Бауыржан Жауынтаев, әлемнің вице-чемпионы Рустам Ибраев, Азия чемпионатының  жүлдегері Елдос Жұмаханов, Әлем чемпионатының қола жүлдегері Никита Азаровтар бар. Сынға түсетін дзюдошылардың толық тізімі мынадай:   Ерлер: 1) Бауыржан Жауынтаев (60 кг) 2) Рустам Ибраев (60 кг) 3) Азамат Мұқанов (66 кг) 4) Айбек Имашев (66 кг) 5) Елдос Жұмаханов (73 кг) 6) Арман Махамбетов (81 кг) 7) Ерназар Хамзин (81 кг) 8) Мейрамбек Жаңабай (90 кг) 9) Азиз Қалқаманұлы (90кг) 10) Никита Азаров (100 кг) 11) Ержан Шынкеев (+ 100 кг) Қыздар: 1) Абиба Абужақынова (48 кг) 2) Меруерт Иманғалиева (48 кг) 3) Айкүнім Түйтекова (52 кг) 4) Гүлдана Әлмұханбетова (52 кг) 5) Севера Нышанбаева (57 кг) 6) Анна Казюлина (57 кг) 7) Айгерім Тасболат (63 кг) 8) Аэлита Щербакова (70 кг) 9) Альбина Амангелдиева (- 78 кг) 10) Зарина Раифова (- 78 кг) 11) Гүлжан Иссанова (+78 кг)