Мемлекет басшысының қатысуымен өтетін алдағы іс-шаралар аңдатпасы белгілі болды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасаған Егемен-ақпарат хабарлады.
Нұрсұлтан Назарбаев 4 қазанда Астанада өтетін «Еуразия кеңістігінің көлік-логистикалық әлеуетін дамыту» атты Қазақстан мен Ресей өңіраралық ынтымақтастығы XIII форумының пленарлық отырысына қатысады.
Іс-шара аясында Қазақстан Президентінің Ресей Федерациясы Президентімен екіжақты кездесуі, сондай-ақ олардың Қазақстан-Ресей бизнес-форумына қатысуы жоспарланып отыр.
Егемен-ақпарат