• RUB:
    5.06
  • USD:
    486.44
  • EUR:
    534.31
Басты сайтқа өту
03 Қазан, 2016

18 қазанда қазақстандық зілтеміршілерге соңғы шешім шығады

263 рет
көрсетілді

Қыркүйектің 20-сы күні «IWF» Халықаралық ауыр атлетика федерациясы атқарушы комитетінің отырысы өтті. Отырыс барысында Бейжің мен Лондон Олимпиадасында допинг қолданды деген айыппен спорттан шеттетілген спортшылардың тағдырлары талқыға салынды, – деп хабарлайды baq.kz порталы. Қазақстан ауыр атлетика федерациясының бас хатшысы Омар Мұстафиннің айтуынша, Қазақстан құрамасы осы жылдың аяғына дейін барлық үлкен жарыстарға қатысу мүмкіндіктерінен айырылмады. Алдағы уақытта қазақ ауыр атлеттерін екі ірі турнир күтіп тұр. Бірі – Малайзияда қазан айында өтетін жастар арасындағы әлем чемпионаты болса, екіншісі – жастар арасындағы Токиодағы Азия чемпионаты. Қазан айының 18 күні Халықаралық Олимпиада комитетінің тәртіптік кеңесі допинг қолданды деген айып тағылған қазақстандық спортшыларға – Илья Ильинге, Мая Манезаға, Чиншанло мен Подобедоваға нақты шешім шығарады. Сонымен қатар Омар Мұстафин егер ауыр атлетшілерге тағылған айыптың барлығы расталған жағдайда қандай жаза қолданылатыны жөнінде де айтты. Халықаралық Олимпиада комитетінің тәртіптік кеңесінің құзыретіне сәйкес спортшылар жетістіктерінен айырылады немесе сол қалпында қалады. Егер комиссия айыпты деп тапса, спортшылар медальдарынан айырылады. Одан бөлек кеңес қосымша жазалау іс-шараларын қарастырмайды.