• RUB:
    5.06
  • USD:
    486.44
  • EUR:
    534.31
Басты сайтқа өту
04 Қазан, 2016

Жаңалығымен қоса, жайлылығы да жетерлік

207 рет
көрсетілді

Бұл «ТЭМ 18»ДМ» маркалы  локомотивтеріне Еуразиялық Топ (ERG құрамын­дағы «Қазхром» ТҰК» АҚ филиалы – Ақсу ферроқорытпа зауыты кәсіпорынның инвестициялық бағдар­ламасы аясында қол жеткізді. Нәтижесінде бірден сегіз машинист көнерген тепловоздарынан анағұрлым жайлы әрі қуатты жүйесі бар машиналарға ауысты. Жаңа тепловоздар Ресейден жеткізілді. Кәсіпорындағы цехтарға балқытылатын металл шикізатын, басқа да дайын өнімдер­ді жеткізеді. Заманауи локомотивтердің конс­трукциялық жылдамдығы сағатына – 100 шақырым. Жаңа техниканың ескіден  айырмашылығы – гидравликалық емес, электрлік жүйені пайдаланады. Яғни, бұл жүйеде май мүлдем жоқ, көлік экологиялық тұрғыда қауіпсіз. Жалпы алғанда, жаңа тепловоздардың келуін  ферроқорытпа зауы­ты  асыға күтіп жүрді. – Біздің зауыт  кәсіпорындағы техниканы жаңартып, жаңғырту бағдарламасын қолға алды. Жаңа локомотивтерді пайдалануда білікті болу үшін біздің жұмысшыларымыз Брянск зауытына барып білімдерін жетіл­діріп келді, – дейді  зауыт директоры Сергей Прокопьев. Ал заманауи техниканы меңгеріп үл­гер­ген зауыттың темір жол цехының машинис­тері кабинадағы жұмыс орын­­дарының жай­­­лылығы мен тиімділігіне қуанышты. Онда кондиционер, тоңазытқыш, жайлы креслолар және дыбыс өткізбейтін ашылу жүйесі бар шыны пакеттер бар. Бұрынғыға қарағанда артықшылықтары көп. – Кез келген жағдайда, біз әрқашан сақ болуымыз керек. Біздің және зауыттағы өзге де әріптестеріміздің қауіпсіздігі осыған байланысты. Сондықтан да қандай да қо­лайсыздықтарға көңіл бөлуге уақыт жоқ еді. Ал жаңа тепловоздарда бәрі ескерілген. Машинистің кабинасы – кішігірім пәтер, онда бәрі қол астында. Енді менің жұмыс орным ұшқыштың кабинасына ұқсайды – тетік үлкен дисплеймен, навигация жүйесімен, 30-дан аса параметрлерді көрсететін «Борт» автоматты бағдарламалық кешенімен жаб­дықталған. Мен енді су деңгейін, қысымды, дизель-генератор ішіндегі қажетті температура көрсеткіштеріне дейін бәрін нақты көріп отырамын, – дейді тепловоз машинисі Денис Ставров. Бұл күндері зауыттың темір жол цехының құрамында жалпы саны 16 локомотив бар. Инвестициялық бағдарлама шеңберінде технологиялық парк жыл сайын заманауи техникалармен толықтырылып келеді.  Фарида БЫҚАЙ, «Егемен Қазақстан» Павлодар облысы, Ақсу қаласы