• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
04 Қазан, 2016

Финляндия – саяси және экономикалық серіктесіміз

295 рет
көрсетілді

Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин Финляндияның Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Илкка Райсаненді қабылдады, деп хабарлады осы палатаның баспасөз қызметі. Тараптар екіжақты қарым-қа­тынасты, соның ішінде, пар­ла­ментаралық үнқатысуды нығайту мәселелерін талқылады. Мәжіліс Төрағасы аталған кездесудің екі мемлекеттің тарихи кезеңімен сәйкес келіп отырғанына назар аударды. Яғни, биыл Қазақстанның Тәуелсіздік алғанына 25 жыл толса, келер жылы Финляндия тәуелсіздігіне – 100 жыл. Мәжіліс Төрағасы атап өткендей, Финляндия – Қазақстанның барлық деңгейде сындарлы үнқатысуға қол жеткізген сыртқы саяси және эко­но­микалық әріптесі. Өткен жылы екі­жақты тауар айналымы 467 млн АҚШ долларын құрады. Одан әрі Мәжіліс Төрағасы: – Ұлт жоспарын және ең дамыған 30 елдің қатарына кіру жолындағы ауқымды шараларды жүзеге асыру барысында инновациялық дамуды заңнамалық қамтамасыз ету, білім жүйесін жетілдіру, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды, ғылыми және іскер ортаның ынтымақтастық тетіктерін дамыту мәселелерінде финдік әріптестеріміздің тәжірибесіне қызығушылық жоғары, – деді. Қазан айында Мәжіліс делегациясы Финляндияға ресми сапармен барады деп жоспарланған. Н.Нығматулин Хельсинкиде өтетін бұл кездесудің маңызды салалар бойынша екіжақты өзара іс-қимылды одан әрі нығайтуға ықпал ететініне сенім білдірді.