• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
04 Қазан, 2016

Brent мұнайы баррелінің бағасы 51 доллардан асты

237 рет
көрсетілді

Әлемдік мұнай бағамы өсті, оған ОПЕК елдерінің мұнай нарығын тұрақтандыру үшін бірлескен іс-қимыл жасасу туралы келісімі әсер етті. Қор нарығындағы сауда осыны көрсетті, деп хабарлайды Қазақпарат. Желтоқсан айының фьючерстерінде солтүстіктеңіздік Brent маркілі мұнай қоспасының құны 1,67%-ға артып 19 тамыздан бері алғаш рет барреліне 51 доллардан асты. Қараша айының фьючерстерінде WTI маркілі мұнай құны 0,95%-ға өсті, ол да 5 шілдеден бері алғаш рет барреліне 49 доллардан жоғары бағалануда. Егемен-ақпарат
Соңғы жаңалықтар