• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
04 Қазан, 2016

Елімізде алғаш рет 3D лапароскопиялық операция жасалды

383 рет
көрсетілді

Елімізде алғаш рет жасалған 3D лапароскопиялық операция сәтті өткенін «Ақтөбе ақпарат» орталығы хабарлады. Күрделі операцияны Ақтөбеде өтіп жатқан эндоскопия хирургтерінің құрылтайына қатысқан бірнеше елдің маманы бірлесіп жасаған. 45 жастағы ер адамның бауыры жаңа лапароскопиялық әдіспен алмастырылды. Сырқатқа өз баласы бауырының жартысын бөліп берген. Оңтүстік Корея, Грузия, Ресей, Украина мен Латвиядан келген білікті хирург-мамандар 3 күн бойы шеберлік сағатын өткізеді. Жергілікті дәрігерлермен бірігіп, жаңа әдіспен күрделі операциялар жасайды. Облыстық балалар клиникалық ауруханасында мұндай шараның бірнешеуі жоспарда тұр. Ақтөбеде жыл басынан бері 4 рет бауыр алмастырудың ашық операциясы сәтті жасалды. «Жалпы, кешеден бастап Ақтөбе қаласына 100-ден астам хирург келді. 8 шеберлік сағаты өтті, өңір тұрғындарына 35 аса күрделі операция жасалады», дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әсет Қалиев. Әйгерім ТОҚСАНБЕК