• RUB:
    5.06
  • USD:
    486.44
  • EUR:
    534.31
Басты сайтқа өту
04 Қазан, 2016

Головкин Рамиреспен 2017 жылы жұдырықтасуы мүмкін

234 рет
көрсетілді

  Промоутер Боб Арум қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мен мексикалық Хильберто Рамирестің 2017 жылдың алғашқы жарты жылдығында рингте кездесетініне сенімді, деп хабарлайды Sports.kz. «Рамирес қаңтар айында рингке оралуы тиіс. Егер бәрі сәтімен болса, біз оны тезірек Головкинмен кездестіруге тырысамыз. Меніңше, бұл жекпе-жекті 2017 жылдың алғашқы жартысында ұйымдастыруға болады. Мен оған сенемін және GGG жеңеді деп ойлаймын» - дейді Боб Арум. Хильберто Рамирес - мексикан боксшысы, 1991 жылы туылған. Орта салмақта WBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы. WBC, WBA, IBF рейтингтерінде  3 орында тұр. 2009 жылдан бері 34 жекпе-жек өткізіп, оның барлығында жеңіске жеткен.  Оның ішінде 24 кездесуде қарсыластарын нокаутпен жеңді.  Соңғы  жекпе-жегін 2016 жылдың 9 сәуірінде  өткізіп, Артур Абрахамнан басым түсті. Әйгерім Тоқсанбек