Биылғы 28-30 қазан күндері Біріккен Араб Әмірліктерінің Абу-Даби қаласында дзюдодан Grand Slam турнирі өтеді. Оған Қазақстан дзюдошылары да қатысады. Бұрнағы күні Дзюдо федерациясы сол жарысқа баратын команда құрамын бекітті.
Абу-Дабиге аттанатын саңлақтар арасында Мағжан Шәмшиддин (60 кг), Азамат Мұқанов, Асхат Тельманов (66 кг), Дидар Хамза (73 кг), Арман Махамбетов, Әділет Миссин (81 кг). Дәулетхан Жақыпов (90 кг), Айбек Серікбаев (100 кг), Айтуар Абдулов (+100 кг) бар. Ал қыздар атынан жалғыз Отгонцецег Галбадрах (48 кг) қана барады.
Құрама команданы жарысқа Ибрагим Вешагуров, Базарбай Дөңбай, Марат Файзиев, Дашжамцын Энхбаатар және Талап Мұқанов бастап барады.
«Егемен-ақпарат»