• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
05 Қазан, 2016

Румыниядағы біздің фестиваль

286 рет
көрсетілді

Бухарестегі дәстүрлі өнер шеруі есте қалар ерекше сәттерге толы болды. Шара ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойы құрметіне арналды. Мерекелік шараны Қазақстан­ның Румыниядағы елшілігі  «Интернейшнл КМГ» компаниясы демеушілігімен ұйымдастырды. Қазақ киносы фестивалін өткі­зу­ге Ш.Айманов атындағы «Қа­зақ­фильм» киностудиясы мен Бухарестегі Француз мәдениет институты атсалысты. Фестиваль аясында Сергей Снежкин, Ермек Шынарбаев, Рүстем Әбдірашев, Досхан Жолжақсынов, Ермек Тұрсынов сынды белгілі режис­сер­лердің әр жылдардағы таңдаулы 5 фильмі көрсетілді. Қазақ киносы күндерінің ашылу салтанатында Қазақстанның Ру­мыниядағы елшісі Дәулет Баты­рашев бұл фестиваль екі ел арасындағы достық қарым-қатынас пен ынтымақтастықты да­мытуға айтарлықтай үлес қоса­ты­нын айта келіп, мәдени дәстүр­лердің мұнан кейін де жарасымды екпінде жалғаса беретініне сенім білдірді.  «Шал» фильмінде басты рөлді сомдаған әртіс Ер­болат Тоғызақовқа Бухарест жұрт­шылығы сүйіспеншілікпен ыстық ілтипат танытты. Еске сала кетейік, қазақ киносының Румыниядағы алғашқы фестивалі былтыр Қазақ хандығының 550 жылдығы  құр­метіне орайластырылған болатын. Қаршыға КҮЛЕН