• RUB:
    5.06
  • USD:
    486.44
  • EUR:
    534.31
Басты сайтқа өту
05 Қазан, 2016

Әуезов әлеміне cаяхат

393 рет
көрсетілді

дың «Жидебай-Бөрілі» мем­ле­кеттік тарихи-мәдени және әдеби-ме­мо­риалдық қорық-мұражайында қазақ әдебиетінің классигі М.Әуе­зовтің шығармашылығына арналған «Мұхтар мұрасы – адамзат қазынасы» атты аймақтық білім сайысы өткізілді. Дәстүрге айналған аталмыш сайысты өткізудегі басты мақсат Мұхтар Әуезовтің өмірі мен шығармашылық әлемін келешек жас буынның санасына сіңіріп, әр қырын терең білуге ынталандыру және кеңінен насихаттау болатын. Сайысқа жалпы саны 80 үміткер қа­тысты. Олардың қатарында  қала және қала маңындағы мектептердің 9-11 сынып оқушылары, колледж студенттері және жас ізденушілер бар. Байқау үш айналымнан тұрды: Мұхтар Әуезовтің шығармаларынан үзіндіні мәнерлеп оқу, ақындар мүшәйрасы және қолөнер туындыларын жасап көрсету. Міне, осы талаптарға сай байқауды рес­пуб­ликамызға белгілі ақын, «Абай» жур­­налының редакторы М.Оспанов, М.Төлебаев атындағы музыка училищесінің оқытушысы М.Алепарова, Абай театрының әдеби жетекшісі М.Қартов, «Дариға-ай» жас­тар театры әдеби бөлімінің меңгерушісі Б.Игілік пен актер Р.Бейсенұлы, Шәкәрім университетінің оқытушылары М.Тәтиева мен Б.Нысанғалиева және Абай қорық-мұражайының қызметкерлері бағалады. Мәнерлеп оқу бойынша I орын М.Әуезов атындағы педагогикалық колледжінен С.Мейрамбековке, II орын №11 мектептен А.Жанахметова, Ж.Сембаеваға, №22 мектептен К.Абаеваға берілді.  Ақындар мүшәй­расында I орын М.Әуезов атындағы педагогикалық колледжінен Қ.Еркінұлына, II орын осы колледжден Х.Саметоваға, III орын №47 мектептен Е.Кенжебекұлына берілді.  Қолөнер байқауынан №22 мектеп-лицейден М.Асқарбек I орынға, Шүлбі орта мектебінен Р.Әсетұлы II орынға, Озерка мектебінен А.Жақанова III орынға ие болды. Барлығы да бағалы сыйлықтармен марапатталды. «Мұхтар мұрасы – адамзат қазынасы» сайысы жыл сайын өз жалғасын таба бермек.  Раушан НҰҒМАНБЕКОВА  СЕМЕЙ Суретті түсірген автор