• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
05 Қазан, 2016

Күзгі жәрмеңке көңілді жадыратты

387 рет
көрсетілді

Көкшетаудың «Тәуелсіздік» алаңы мен орталық универмаг алаңын­да дәстүрлі күзгі жәр­меңке ашылды. Оның жұмы­сына Бурабай, Зеренді, Сан­дық­тау, Шортанды аудан­дары мен Аршалы ауданын­дағы «Ижев­ский» өндірістік коо­пера­ти­ві, Ақ­көл ауданындағы «Үш бұ­лақ», Еңбекшілдер ауда­нын­да­ғы «ҚазГерҚұс», Целиноград ауда­нындағы «CapitalProjectLtd» жауап­кер­шілігі шектеулі серік­тес­­тік­терінің ауыл шаруашылығы тауар өн­дірушілері қатысты. Қала тұрғындарын Ақмола облысының әкімі Сергей Кула­гин құттықтап, ел-жұртқа дас­тарқан байлығын тіледі. Облыстық ауыл шаруа­шылығы басқармасының мәлі­меті бойынша, жәрмеңкеде 114 миллион теңгенің 57 түрлі жергілікті азық-түлік тауары қолжетімді бағамен сатылған. Сауда алаңдарына 66 тонна ет және шұжық өнімдері, 13 тонна балық, 250 мың данадан астам жұмыртқа, 21 мың тонна сүт пен сүт өнімдері, 22 тонна ұн, 80 тонна картоп 73 тонна көкөніс, 10 тоннаға жуық жарма, 5 тонна қант пен 10 мың литр өсімдік майы жеткізілді. Мерекелік сипаттағы жәр­меңкеде аудан көркемөнер­паз­дарының концерттері қойылып, мәдени-көпшілік шаралар ұйым­дастырылды. Бақберген АМАЛБЕК, «Егемен Қазақстан» Ақмола облысы