• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
12 Қазан, 2016

Әркімнің туған жері – жерұйығы

2482 рет
көрсетілді

Тәңірдің қалауымен 1991 жылдың 27 желтоқсаны күні Өр Алтайдың арғы бетіндегі арқалы қазақтың арасында туыппын. Біздің әулетте болған сол қуа­ныш сан ғасырлар бойы ата-бабам­ның арманы болған азат­тық­ты атажұрттағы алты Алаш­тың алған кезімен тұспа-тұс келді. Алтай мен Атырау, Арқа мен Ала­таудың арасында ен жай­ла­ған ел егемендікті қолына алып, еңсе тіктей бастаған сәтте қазақ­­тың бағына біткен болуы ке­рек, ел тізгінін Нұрсұлтан Назарбаев қолын­а алды. Елба­сы сол сәттерде күл­лі қазақ­қа ес­­тір­­те отырып: «Жер бетін­дегі қазақ­тың бір ғана Отаны бар, ол – Қазақстан! Ата­жұрт­­қа қай­тың­­дар!» – дегенде, қуа­ны­ш­­тан көзі­не жас алмаған қазақ­тың ұл-қыз­­дары кем де кем шы­ғар. Сол-ақ екен, әр қиыр­дан ата­ме­кен­ге қарай алқа­лы көш­тің тиегі ағы­тыл­ды. Менің, өз ұр­пағы­ның Қаза­қия қабырғасына кір­піш болып қаланғанын тілеген ата-анам да жылы орындарынан қоз­­ға­лып, Қазақстанға бет түзеген-ді... Бұрын Желмаясын мініп, Жер­­ұйық іздеген Асан Қайғы ба­ба­­мыз да іздегенін тапқан болуы керек. Мен де өз Жерұйы­ғым­ды таптым. Енді бізге тек жас мем­лекет­тігі­мізді нығайту сапалы білім, өне­гелі тәрбиемен сусын­д­а­ған ұр­пақтың ғана қолы­нан келе­тінін ұғынып, тәуелсіздіктің бақ құс­ын қазақтың басына қайта қон­дыр­ған Аллаға мың да бір шүкір дей отырып, ел мәртебесінің үс­тем болуы жолында еңбек ету қажет. Қорыта айтқанда, заманның аумалы-төкпелі тұсында атқа қо­­нып, ен даласынан көз жазып қал­ған қандастарын атажұртына шақ­ырған Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен қол­­ға алынған «Нұрлы көш» бағ­­дар­­­ламасының жемісі, қазақ­тың же­ңісі баянды болғай. Бұл – Тәуел­­­сіздіктің төл құрда­сының сөзі! Қуаныш ТЫНЫБЕКҰЛЫ Қарағанды облысы, Теміртау қаласы