• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
01 Наурыз, 2011

Мүкарама мектебіндегі жылыжай

729 рет
көрсетілді

Зайсан ауданының әкімі Серік Зайнулдин кіндік қаны там­ған туған жеріне жаңалықтарды ала келді. Өткен жылдың жазында жаңа қызметке тағайындала са­лы­сы­мен аудандық білім бө­лі­мінің бас­тығы Сәния Әбдіға­лие­ваны және бірнеше мектептің дирек­торын шақырып алып, оқу­шы­лар­дың жаз­ғы демалысын тиімді өткізу үшін жылыжай салу қажеттілігіне тоқталды. Со­ның бірі – Дайыр ауылының Мү­карама орта мектебінде жы­лы­жай салу мәселесі де сөз бол­­ды. Мек­теп ди­рек­то­ры Анар­­бек Дүт­баев тап­­сыр­ма ал­ған соң жы­­лу қа­зан­­­дығы жанынан 50 шар­шы метрлік алаңды қоршап, ескі мектептен қал­ған есік-терезелерді құрастырып, жылы­жай­ды жа­сақ­тады. Мектеп мұғалім­де­рі­нің бұл тіршілігіне қүдікпен қа­рағандар да табылды. Ғылыми орталық жетекшісі Ақыл­бек Омариев, механизатор Болат Құрман­ғо­жин деген аза­мат­тар да күн-түн демей жылы­жайға еккен жүз түп қияр, жүз түп қы­занақты күтіп-баптай бас­тады. Олар­ға ұстаздар мен шә­кірттер де қолғабыс жасап тұр­ды. Желтоқ­санда егілген қияр алғашқы өнімді жақында берді. – Бәріміз ауылда өстік, жер­дің қадірін түсінеміз. Алайда жы­лы­жай дегенді тек естуші едік, енді оны терең зерт­теуге тура келді. Об­лыс орталығы мен оның ма­ңын­дағы ауылдарға ба­рып, жылыжаймен та­ны­­сып қайттық. Қақа­ған қыс­та көкөніс өсіру оңай шаруа емес. Топы­рақ ыл­ға­лын үнемі қа­да­ға­лап, уақ­тылы қажетті мөл­шер­де жылу бер­ме­сең, жемістер семіп қала­ты­ны тағы бар. Жылдың төрт мезгілінде жа­ңа піскен кө­көністі  тұ­ты­нуға не жетсін. Қа­­зір­гі кезде мек­теп жанындағы интернатта қияр­ды жеп, сәл­ден кейін қы­занақ дас­тарқан мәзіріне енеді деген үмітіміз бар, – дейді мектеп ди­ректоры Анарбек Дүтбаев. Зайсан ауданында 20 орта, он орталау мектеп бар. Өткен оқу жылында бірыңғай ұлттық тестілеу бойынша аудан көлемінде 85,2 балл жинадық.  27 шәкіртіміз «Ал­тын бел­гіге» ие болды. Оқу­шы­лардың жазғы демалысын мән­ді де сәнді өткізу басты назарда. Барлық мек­тептерде қосалқы ша­руа­шы­лық­тар құрылған. Жазда мектеп жанын­дағы аулада кө­көніс өсіреді. Кеңсай, Үлкен Қара­тал ауылда­рын­да да жы­лы­жай салуды ұйғарып отырмыз. Биыл Әуезов, Ломоносов, Амангелді атындағы орта, Саржыра жә­не Жарсудағы орталау мектептерінде күр­делі жөндеу жұ­мыс­тары жүр­гізілмек. Аудан әкі­мі Серік Зайнулдин ауыл мек­тептерінің жағ­дайымен жақсы таныс. Мектеп төбелерін шатыр­лау, жөндеу жұ­мыстарына қар­жы тауып бергелі отыр. Шәкірт­терге терең білім, са­налы тәрбие беру алдағы уақытта да жалғаса бермек, – деді ау­дандық білім беру бөлімінің бас­тығы Сәния Әбді­ғалиева. Жылыжайдан шыға берісте су жаңа «Паз» автобусын көрдік. Жаңа көлікті аудан әкімі интернат балаларына беріпті. Тек Мү­карама мектебі емес, басқа да бір­неше аудан мектептері осын­дай көліктерге ие болған. Мү­карама мектебінде 41 ұстаз қыз­мет етіп, төрт жүз оқушыға білім нәрін сусындатуда. Оңдасын ЕЛУБАЙ. Шығыс Қазақстан облысы, Зайсан ауданы. _____________________________________ Суреттерде: аудандық оқу бөлімінің меңгерушісі Сәния Әдіғалиева, мектеп дирек­то­ры Анарбек Дүтбаев, механизатор  Болат Құрманғожин, жаңа автобус.