• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
13 Қазан, 2016

Қазақстанда 9 мың үлескер алданды

336 рет
көрсетілді

Құрылыс салушылар 9 мың үлескерді алдады. Бұл туралы бүгін Бас прокуратураның алқа мәжілісінде Құқықтық қорғау департаментінің басшысы Марат Сексембаев мәлім етті. «Бүгінде республиканың бес өңірінде 59 түйкілді нысан бар, 9 мың адам алданды. Олар мемлекеттен көмек сұрап, наразылық акцияларын өткізуде. Осы ретте құқық қорғау органдары тағы да тергеу шараларымен айналысуда. Бұл өте ауқымды жұмыс, яғни мыңдаған адамдардан жауап алып, ондаған сараптама тағайындау керек. Бір үйдің немесе компанияның үлескерлері арасында бірыңғай пікір жоқ болғанда қиындықтар туындайды. Атап айтқанда, бұрынғы қателіктерден сабақ алмай, адамдар пәтер сатуға құқығы жоқ фирмаларға ақшаларын апарып берді», - деді М. Сексембаев. Осы ретте ол құрылысы аяқталмаған нысандары мен алданған азаматтары көп Астана қаласы екенін мәлім етті. Бұл тұрғыда елордада 42 нысан,  7 мың үлескер қамтылған. Осы көрсеткіш еліміз бойынша үлескерлер мәселесінің 71 пайызын құрайды.