• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
17 Қазан, 2016

Ауғанстан вице-президенті Рашид Достым талибтермен қақтығыста жарақат алды

330 рет
көрсетілді

"Талибан" қозғалысының содырлары Ауғанстанның вице-президенті генерал Абдул-Рашид Дустумды жарақаттады, деп хабарлайды  Khaama Press агенттігі. Дустум өткен аптада талибтер басып алған Гормач ауданында қауіпсіздік қызметінің жасағына ілесіп келе жатқанда, елдің солтүстік-батысында  Фарьяб провинциясында торуылға түсті. Ауғанстан премьер-министрі Абдулла Абдулла вице-президенттің жеңіл жарақаттанғанын растап, оның денсаулығына еш қауіп жоқтығын айтты. Түріктің  Anadolu агенттігі жасаққа шабуыл кезінде ауғандық 15 әскер қаза тауып, 20-сы жарақаттанғанын хабарлады.
Соңғы жаңалықтар