• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
17 Қазан, 2016

Елбасы Қорғаныс министрі Сәкен Жасұзақовты қабылдады

290 рет
көрсетілді

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қорғаныс министрі Сәкен Жасұзақовты қабылдады, - деп хабарлайды Ақорда баспасөз қызметі. Кездесу барысында министр Мемлекет басшысына Қарулы күштердің дайындығын баяндады. Қазақстан Президенті ведомствоның жаңадан құрылған Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен арада өзара тиімді іс-қимылды жолға қоюының маңыздылығына назар аударды. Сондай-ақ, Қорғаныс министрі Қарулы Күштер құрамында өтіп жатқан қорытынды сынақтың бүгінгі күнге дейінгі оң нәтижелері жөнінде мәлімдеді. Нұрсұлтан Назарбаев кездесу қорытындысы бойынша бірқатар нақты тапсырма берді.
Соңғы жаңалықтар