Футболдан U-17 Қазақстан жасөспірімдер құрамасы ЕУРО-2017 іріктеу турнирінде кезекті рет жеңілді.
Бірінші ойында Грекиядан ұтылған Александр Кузнецовтың шәкірттері екінші турда Ирландиядан айласын асыра алмады. Қазақстан құрамасының ойыншысы Жасұлан Қайыркеновтың жалғыз голымен матч 3:1 есебімен аяқталды. Сондай-ақ, матч барысында екі қазақстандық ойыншы – Санжар Айтым және Дінмұхамед Қашкен алаңнан қуылды.
Енді отандастарымыз іріктеу кезеңнің соңғы кездесуінде Андорра командасымен кездеседі.