• RUB:
    5.06
  • USD:
    486.44
  • EUR:
    534.31
Басты сайтқа өту
25 Қазан, 2016

Жыл басынан бері экономикада инвестиция көлемі 4,1%-ға өсті - Бишімбаев

195 рет
көрсетілді

Ағымдағы жылдың 9 айында инвестициялардың көлемі 4,1%-ға 5,1 трлн. теңгеге өсті. Өсу «Нұрлы Жол» және «ИИДМБ» бағдарламаларының шеңберінде индустриялық-инновациялық және инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға негізделген. Бұл туралы тоғыз айдың әлеуметтік-экономикалық қорытындыларына арналған Үкімет отырысында айтылды. Өткен жылдың осы кезеңінде инвестициялардың өсуі 3,5%-ды құраған болатын. Инвестициялық белсенділікті арттыру ағымдағы жылы экономикалық өсудің оң қарқындарын қолдауға ықпал етеді және болашақта экономиканың орнықты өсуінің негізін қалайды деді Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев. Шетелдік инвестициялардың таза ағыны есепті кезеңде 5,7 млрд. АҚШ долларын құрады, бұл өткен жылғы нақтыланған деңгейден 4,4 есеге жоғары (1,3 млрд. АҚШ долл.). Тікелей шетелдік инвестициялардың қомақты үлесі жаңа инвестициялық жобаларды қаржыландыруға бағытталды. Динара Бітікова