• RUB:
    5.06
  • USD:
    486.44
  • EUR:
    534.31
Басты сайтқа өту
25 Қазан, 2016

Головкин-Джейкобс кездесуі өтуі мүмкін күн белгілі болды

219 рет
көрсетілді

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің бапкері Абель Санчес Fighthype.com порталына берген сұхбатында өзінің тәлімгерінің америкалық Дэниел Джейкобспен қашан кездесетінін айтты. «Мен кездесу өткізу мәселесі бойынша ортақ келісімге келеміз деген ойдамын. Егер біз сайыс наурыз айында өтеді деп жоспарласақ, ол мүлдем өтпейді»,-деді Санчес. Айта кетейік, HBO бұл күнді 10 желтоқсан деп белгілеген болатын. Алайда, промоутерлер Том Лефлер мен Эл Хэймон кірістерді бөлісу мен кездесу өтетін орын бойынша мәселені шеше алмады.