• RUB:
    5.06
  • USD:
    486.44
  • EUR:
    534.31
Басты сайтқа өту
25 Қазан, 2016

«Астана» халықаралық қаржы орталығы мен Ислам корпорациясы меморандумға қол қойды

264 рет
көрсетілді

«Астана» халықаралық қаржы орталығының делегациясы Сауд Арабиясы Корольдігінің Джидда қаласында орналасқан Ислам даму банкінің (ИДБ) штаб-пәтерінде ИДБ Президенті Бандар Мұхаммед әл-Хаджармен және осы ұйымға еншілес компаниялардың басшыларымен кездесулер өткізді. Нәтижесінде жеке секторды дамыту жөніндегі Ислам корпорациясымен (ICD) арада өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. «Меморандумның мақсаты – қаржылық тауарлар мен қызметтерді кеңейту, оны жеке секторға ұсыну, ICD-ге мүше елдердің ислам қаржы қызметтері индустриясын дамытуға ықпал ету арқылы АХҚО-мен арадағы қатынастарды нығайту», – деп атап өтті  ICD басшысы Халед әл-Абуди қол қою рәсімінен кейін. Меморандум аясында ислам қаржыландыру қызметтері,  банк ісі, капитал нарығы, активтерді басқару, қаржы технологиялары және адам капиталын дамыту бойынша тәжірибе және білім алмасу,  ынтымақтастықты дамыту көзделген. Бұл – біріккен кәсіби қаржы-ағарту бағдарламаларын, зерттеулер, семинарлар, біліктілікті арттыру және қызметкерлерді алмастыру жөніндегі оқу іс-сапарларын ұйымдастыру жұмыстарын қамтиды.