• RUB:
    5.06
  • USD:
    486.44
  • EUR:
    534.31
Басты сайтқа өту
25 Қазан, 2016

Әзірбайжан Қазақстаннан 1 млн тонна астық сатып алады

362 рет
көрсетілді

Әзірбайжан Батыс Қазақстан облысынан бір миллион тонна астық сатып алады. Бұл туралы Қазақстандағы Әзірбайжан Республикасының төтенше және өкілетті елшісі Рашад Маммадов мәлімдеді, деп хабарлайды egemen.kz BNews.kz-ке сілтеме жасап.  Батыс Қазақстан облысының Кәсіпкерлер палатасында Әзірбайжаннан келген делегациямен кездесу өтті. Делегацияның бастап келген Рашад Маммадов Әзірбайжан мен БҚО арасындағы тауар айналымы 25%-ға өскендігін айтты. «Біз жыл сайын Қазақстаннан астық аламыз. Жоспар бойынша 2016 жылы 1 млн тоннаға жуық аламыз. Сондай-ақ, Қазақстанға өз өнімімізді экспорттаймыз деп отырмыз», – деді Р. Маммадов. Батыс қазақстандық кәсіпкерлерге «Ақтау» теңіз портында орналасқан логистикалық орталықтың мүмкіндіктері туралы айтылды. Әзірбайжан қазір табиғи ресурстары мен пайдалы қазбасы және ұтымды саясатының арқасында экономикалық дамыған елдердің қатарына кіреді. Мұнда ірі инфрақұрылым жобалары іске асырылып жатыр. Ауыл шаруашылығы өндірушілерін техникамен қамтамасыз ету үшін агропарктер құрылған. «Өңіріміздің ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеу саласындағы агрария мен кәсіпорындар Әзірбайжанға тек ұн ғана емес, макарон өнімдерін, ет, қымыз, шұбат, жүн мен тері жеткізуге дайын. Әзірбайжан кәсіпорындарының 90%-ы импорттық шикізатты пайдаланады», – деді БҚО ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Марат Оңғарбеков. Кездесу соңында қазақстандық тарап жергілікті зауыттар мен ірі тауар өндірушілердің коммерциялық ұсыныстарын көрсетті. Сондай-ақ, сапар барысында Рашад Маммадов БҚО әкімі Алтай Көлгіновпен экономикалық ынтымақтастық мәселелерін талқылау үшін кездесті.