• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
25 Қазан, 2016

ИДБ Қазақстан экономикасына $300 млн астам қаржы құяды

322 рет
көрсетілді

Ислам даму банкі  2017-2020 жылдары Қазақстан экономикасына 300 млн доллардан астам қаражат құюды жоспарлап отыр. Бұл туралы журналистерге берген сұхбатта  «Астана» халықаралық қаржы орталығының (АХҚО) басшысы Қайрат Келімбетов мәлімдеді, деп хабарлайды egemen.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. АХҚО басшысы атап өткендей, Елбасының Сауд Арабиясы Корольдігіне жасаған сапары аясында бірлескен үкіметаралық кездесу өтіп, түрлі министрліктер өз бағыттары бойынша Сауд Арабиясымен ынтымақтастық мүмкіндіктерін қарастырды. «Сауд экономикасы Таяу Шығыстағы ірілердің бірі.  Бұл аталған өңірдегі біздің негізгі стратегиялық серіктесіміз. Сондықтан уақытты салыстырып, өзара ынтымақтасу бағыттары туралы келісу маңызды болды», - деді Қайрат Келімбетов. Сондай-ақ ол қаржы саласында Ислам даму банкі тобымен келіссөздер жүргізілгенін қосты. «Бұл исламдық қаржыландыру саласындағы ірі банк. Біз  Халықаралық қаржы орталығы аясында исламдық қаржыландыру саласындағы өз жұмысымызды растадық. Ислам даму корпорациясымен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойдық.  Бұл жеке секторға ықпалдасумен айналысатын арнайы ұйым.  Соның ішінде, Ислам даму банкі 2017-2020 жылдары Қазақстан экономикасына 300 млн доллардан астам қаражат құюды жоспарлап отыр», - деді Қайрат Келімбетов. Оның сөзіне қарағанда, Ислам даму банкі «Астана» халықаралық қаржы орталығына  «Астана» халықаралық қаржы орталығы туралы» конституциялық заң аясында исламдық қаржыландырудың эко-жүйесін құруға көмектеседі.