• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
25 Қазан, 2016

65 жастағы қазақстандық спортшы самбодан әлем чемпионы атанды

263 рет
көрсетілді

Қостанай облысы  Рудный қаласының тұрғыны 65 жастағы Анатолий Веклич самбо бойынша әлем чемпионы атанды. Жарыстар 20-23 қазан аралығында Пореч қаласында өтті. Жас ерекшеліктері бойынша 45 медаль комплекті сарапқа салынды. 60 жастан асқан және 90 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен  Анатолий Веклич финалда ресейлік, әлемнің төрт дүркін чемпионынан басым түсті. Чемпионат қорытындысы бойынша Қазақстан командасы 3-орынға ие болды. Бірінші орында  - Ресей, екінші - Украина. Қазақстан құрамасы 4 алтынды олжалады. Солардың  бірі Рудный спортшысы, еркін күрес бойынша КСРО спорт шебері, халықаралық дәрежедегі спорт шебері Анатолий Векличке тиесілі.