• RUB:
    5.05
  • USD:
    489.06
  • EUR:
    536.21
Басты сайтқа өту
28 Қазан, 2016

Шанхайда «Қазақстан» сауда орталығы ашылды

320 рет
көрсетілді

  Шанхай еркін сауда аймағында Шанхай қаласын ет, балық және тамақ өнімдерімен қамтамасыз етуші «Линхай» корпорациясының ірі орталығы құрылды. Осы орталық аймағында алғаш рет «Қазақстан» сауда орталығы ашылды. «Линхай» ауылшаруашылық өнімдері орталығының ашылуы салтанатында Қазақстан Республикасының Бас консулы Жошыхан Қыраубаев қатысты. Жиынға Шанхай қаласының және Қытайдың оңтүстік өңірлерінен тамақ өнімін сатушы ірі компания басшылары, жергілікті Үкімет пен Банк өкілдері, шетелдік Бас консулдар, логистикалық компания басшылары жиналды. Іс-шара барысында Еркін сауда аймағы мен «Линхай» сауда орталығы басшылығы, Қазақстан Бас консулдығы арасында қазақстандық тауарларды қытай нарығына шығару туралы өзара түсіністік меморандумы қабылданды. «Экологиялық таза ет, сүт, балық өнімдерін сатып алуға дайынбыз. Екі мемлекет арасында келісімшарт қаншалықты тез жүзеге асса, соғұрлым тез жұмысты бастап кетеміз. Органикалық өнімдердің дәмін бір татқан тұтынушылар үшін қазақстандық тағамдар үнемі сұранысқа ие. Сондықтан, келешекте біз экономикалық байланысты одан әрі тереңдете түспекпіз»  - дейді «Линхай» корпорациясының басшысы Чян Бинган. Қазақстанның Қытайдағы елшілігінің қолдауымен, Шанхайдағы Қазақстан Бас консулдығының ұйымдастыруымен 2016 жылдың мамыр айында Иву қаласында «Астау» экспорт-импорттық компаниясы тіркелген. Бұл компания қазақстандық «Сұлтан», «Корона», «Тас сай», «ЕФК», «Алматы май зауыты», «Рахат», «Қаржау» ШҚ» сияқты компаниялар мен шаруашылықтардан 46 түрлі тауар өнімін Қытай нарығына ресми кіргізуге болатын арнайы рұқсат қағазын алды. «Астау» компаниясының құрылғанына аз уақыт өтсе де Шанхай қаласының еркін сауда аймағында «Линхай» ауылшаруашық корпорациясы арасында әріптестік орнады. Нәтижесінде, «Линхай» корпорациясы қазақстандық өнімдерді ең ірі сатып алушыға айналды. Қазақстан сауда орталығының ашылуы отандық тамақ өндірушілерге көршілес үлкен нарыққа жол ашып отыр. Бүгіннің өзінде Шанхай қаласы мен Чжэцзян, Цзиянсу провинциясында әріптестік қатынас жасауда. Тек осы үш өңірдің тұрғын санының өзі 200 млн. астам адамды құрайды. Бұл - өз өндірісін дамытып, халықаралық деңгейге шығамын деушілер үшін үлкен мүмкіндік.