• RUB:
    5.05
  • USD:
    489.06
  • EUR:
    536.21
Басты сайтқа өту
30 Қазан, 2016

Б.Сағынтаев ЭКСПО-2017 құрылысын тексерді

200 рет
көрсетілді

ҚР премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев Конгресс-орталықтың, қонақ үй кешенінің, ЭКСПО-кеңсесінің, ЭКСПО-қалашығының және халықаралық павильондардың ғимараттарын қарап шықты, - деп хабарлайды egemen.kz primeminister.kz сайтына сілтеме жасап. "Астана ЭКСПО-2017" ҰК" АҚ басқарма төрағасы Ахметжан Есімов Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың көрме нысандары құрылысын уақытылы жүргізу, сонымен қатар, оларды инновациялық әзірлемелермен сапалы түрде толықтыру жөнінде берген тапсырмаларының орындалу барысы туралы есеп берді. Премьер-министрді көрме аймағының аумағын көркейтуде, ішкі әрлеу жұмыстарына және нысандардың қауіпсіздік жүйесіне отандық материалдардың қолданылып жатқандығы туралы хабардар етті.