• RUB:
    5.05
  • USD:
    489.06
  • EUR:
    536.21
Басты сайтқа өту
01 Қараша, 2016

Шарт жасасу жалғасады

302 рет
көрсетілді

Бүгінгі күні Қазақстан шетелдік мемлекеттермен адамдарды экстрадициялау, қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек көрсету, сондай-ақ сотталғандарды тапсыру туралы халықаралық шарттар жасасу бойынша 50-ден астам екіжақты шарт жасасты. Олардың 27-сіне соңғы бес жыл ішінде қол қойылған. Қол қойған елдер қатарында Үндістан, АҚШ, Қытай, Ұлыбритания секілді әлемдік державалар бар. Жалпы, Бас прокуратура қыл­мыс­қа қарсы күрес, азаматтардың құқықтары мен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету мәселелері бойынша шетелдік құқық қорғау органдарымен өзара іс-қимыл жасауға уәкілдік берілген мемлекеттік орган ретінде, тұрақты негізде шетелдік мемлекеттермен адамдарды экстрадициялау, қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек көрсету, сондай-ақ сотталғандарды тапсыру туралы халықаралық шарт­тар жасасу бойынша жұмыс жүрг­ізіп келеді. Еуропалық әріптес­терімен жүргізілген жұмыс нәти­жесінде Венгриямен, Испаниямен, Ита­лия­мен, Румыниямен және  Сербиямен халықаралық шарттардың толық блогы жасалған. Сонымен қатар,  Ұлыбри­таниямен, Монако Князьдігімен және Чехиямен қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек көрсету туралы келісімдерге қол қойылған. Бұл ретте Македонияның, Пор­ту­галияның, Хорватияның, Ислан­дияның және Ирландияның уәкі­летті органдарымен келіссөздер са­тысындағы жұмыс жүргізілуде. Бұдан басқа, еліміз екі америка­аралық конвенцияны ратификациялады. Олар – қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек көрсету туралы және сотталған адамдарды тапсыру туралы конвенциялар. Ал қазір адамдарды беру туралы америкааралық конвенцияны ратификациялау бойынша жұмыс жүргізілуде. Ағымдағы жылы Қазақстан Президентінің шетелдік мемлекет­терге ресми сапарлары шеңберінде 5 мемлекетаралық шартқа қол қойылды (Иранмен сотталған адамдарды тапсыру туралы келісім, Сербиямен адамдарды беру туралы, қылмыстық істер бойын­ша құқықтық көмек туралы және сотталғандарды тапсыру туралы шарттар, сондай-ақ ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің қыл­мыстық сот ісіне қатысу­шыларды қорғау туралы келісіміне Хаттама). Жыл соңына дейін биыл­дың күзіне жоспарланған Қазақ­стан Президентінің Сауд Арабия­сы Корольдігіне ресми сапары шеңберінде Сауд Арабиясы Ко­рольдігімен 2 шартқа (соттал­ған­дарды беру туралы және тапсыру туралы) қол қойылды. Және Иордания Королінің Қазақстанға ресми сапары барысында Иор­дания Хашимит Корольдігімен 3 шартқа (адамдарды беру туралы, қылмыстық істер бойын­ша құқықтық көмек туралы және сот­талғандарды тапсыру туралы) қол қою жоспарланып отыр. Қыл­мыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек туралы америкааралық АСЕАН конвенция­сына (10 қатысушы) қосылу бойынша жұмыс жүргізілуде екендігін де айта кеткен жөн. Еуропа Кеңесінің қылмыстық сот ісі саласындағы төрт конвенциясына қосылу үшін жағдайлар жасау мақсатында 2015-2017 жылдарға есептелген Еуропалық одақ пен Еуропалық Кеңес Бірлескен бағдарлама-жоспары іске асырылуда. Асқар ТҰРАПБАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»