• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
01 Қараша, 2016

Сингапурдағы елші осы елдің сыртқы істер министрімен кездесті

417 рет
көрсетілді

Кеше Қазақстан Республикасының Сингапур Республикасындағы Елшісі Үсен Сүлеймен Сингапурдың сыртқы істер министрі Вивиан Балакришнамен кездесті, деп хабарлайды egemen.kz сыртқы істер министрлігінің сайтына сілтеме жасап. Басқосу барысында сингапурлық министр Қазақстан Республикасын Тәуелсіздіктің 25 жылдығымен құттықтады. Кездесу кезінде Қазақстан мен Сингапур арасындағы саяси, сауда-экономикалық және инвестициялық салалардағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды. Сондай-ақ, тараптар соңғы уақытта екі елдің арасындағы ынтымақтастықтың жоғары деңгейге шыққанын айтты. Оның себептерінің бірі ретінде 2016 жылы қыркүйекте Сингапурдың бұрынғы премьер-министрі Го Чок Тонгтың Астанаға сапар жасағанын атады. Қазақстан Елшісі Сингапурдың сыртқы саяси ведомствосының басшысын Қазақстанның негізгі даму бағыттары туралы, соның ішінде «Бес институционалдық реформалардың» жүзеге асырылуы, инфрақұрылымдық жобалар «Нұрлы жол» жаңа экономикалық саясаты, Астанада «ЭКСПО-2017» көрмесінің өткізілуі мен «Астана» халықаралық қаржы орталығының құрылуы туралы хабардар етті. Кездесу барысында келесі жылдың бірінші жартысында «Қазақстанның инвестициялық климаты – Сингапур мен Азия-Тынық мұхит аймағына жетілдірілмеген мүмкіндіктері» Қазақстан-сингапур бизнес форумының өтетіндігі, жақын арада Сингапурда орналасатын «Қазақстан-Азия-Тынық мұхит сауда-инвестициялық палатасының» (Kazakhstan-Asia Pacific Trade & Investment Chamber (KAPTIC) құрылатындығын хабарланды. Сондай-ақ, Елші Қазақстан тарапының шешіміне сәйкес 2015 жылғы 16 шілдеден бастап сингапурлық азаматтар елімізде 15 күнге дейін визасыз сапар шеге алатынын еске салды. Өз кезегінде, Сингапурдың сыртқы істер министрі еліміздің халықаралық сахнадағы жетістіктеріне және мемлекет ішіндегі жүргізіліп жатқан реформаларына жоғары баға беріп, Қазақстан Орталық Азия өңіріндегі экономикалық дамуындағы көшбасшысы екендігін атап өтті.