• RUB:
    5.05
  • USD:
    489.06
  • EUR:
    536.21
Басты сайтқа өту
02 Қараша, 2016

Білімнің биік белесінде

773 рет
көрсетілді

Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті 1996 жылы Көкшетау педагогикалық институты, С.Сәдуақасов атындағы ауыл шаруашылығы институты мен Қарағанды политехникалық институты филиалының бірігуі негізінде құрылған болатын. Биыл өзінің жиырмасыншы белесіне көтерілген оқу орнының өнегелі жолы ел тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойымен тұспа-тұс келіп отыр. Өркениетке бақытталған өзіндік дәстүрлері қалыптасқан, болашақ мүддесіндегі жоспарлармен үндес, әлеуеті жоғары университетіміз бүгінде қазіргі заман талаптарына сай білім беру ордасына айналды. Қазіргі уақытта университет құрылымында С.Сәдуақасов атын­дағы аграрлық-эконо­ми­ка­лық институты және 5 факультет, атап айтсақ, филология және педагогика, жаратылыстану ғылымдары, тарих, заңтану, өнер және спорт, техника және технология, сырттай және қашықтықтан оқыту факультеттері жұмыс істеуде. Бакалавриаттың 53 мамандығы, магистратураның 28 және PhD-докторантураның 6 мамандығы бойынша сапалы қызмет көр­сетілетін университеттің 23 кафедрасында аса білікті, жоғары санатты 300-ден астам оқытушы, оның ішінде 22 ғы­лым докторы, 19 профессор, 94 ғылым кандидаты, 7 PhD докторы, 190 магистр, еңбек етіп, өскелең ұрпаққа заман талабына сай терең білім беруде. Біздің 37 оқытушымыз Қазақстан Республикасы «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» мемлекеттік грантының иегері атанды. 18 оқытушы әлемнің жетекші университеттерінде ғылыми-педагогикалық та­ғы­лы­мдамадан өтіп, «Болашақ» бағ­дарламасының стипендиаттары болды. Университетте Ұлттық ғылым академиясының бір академигі, салалық ғылым академиясының 4 академигі, Ха­лық­аралық ақпараттанды­ру ака­демиясының және Қазақ­стан Рес­публикасы академия­ла­ры мен халықаралық ака­де­миялардың 4 кор­рес­пон­дент-мүшесі қыз­мет ете­ді. Уни­­­вер­ситеттің үш оқы­ту­­шы­­сы Қазақстанның жоғары оқу орындарының профессор-оқы­тушы құрамының «ТОП-50» тәуелсіз рейтингісіне енді. Мұ­ны оқытушылық құрамының сарқылмайтын шығармашылық шабыты мен жоғары кәсіби ше­бер­лігінің куәсі деп айтсақ артық болмас. Білім алушылар контингенті бес мыңға жуық адамды­ құ­рай­ды. Оның ішінде 728 сту­­дент «Мәңгілік Ел жас­­­та­ры – индустрияға» және «Сер­пін­-2050» әлеуметтік жоба­сы­ның грант иегерлері болып та­была­ды. Бұл орайда, сапалық көр­­сет­кіштерге ерекше көңіл бө­­лінеді. Университетіміз 2012 жы­лы ИСО халықаралық стан­дар­тына сәйкестігі туралы сер­тификатқа ие болды. Ал 2013 жылы мемлекеттік аккредиттеу­ден, ұлттық институционалдық және мамандандырылған аккредиттеуден өтті. Бүгін­де бакалавриат пен магистра­тураның 60 білім беру бағдарламасы бес жыл мерзімге аккредиттелді. Ал­ты білім беру бағдарламасы халық­аралық аккредиттеуден өтті. Ұжым Болонья декларация­сына қол қойған. Ал Еуропалық және Еуразиялық университеттер қауымдастығына мүше болып енуі университеттің халықаралық тұрғыдан танылу­ының куәсі болып табылады. Оқу орны 12 патенттің иегері және оқытушыларымыз 300-ден астам патенттің авторлары. Университетте Темпус, Эразмус халықаралық жобалары іске асырылуда. Бүгінгі іске асырылып жатқан еуропалық жобалар саны бойынша Ш.Уәлиханов атындағы КМУ Қазақстан ЖОО-ларының арасында 4-орынды иеленіп отыр. Жетістіктеріміз ғылыми ор­та­­ның жоғары бағасын алуда. 2009-2016 жылдар аралығында Ш.Уәлиханов атындағы КМУ Темпус IV алты жобасын және жо­ғары білім әлеуетін арттыруға бағыт­талған «Эразмус плюс КА2» төрт жобасын ұтып ал­ды.­ Темпус 2012 I-WEB жоба­сы­ аясында «Су сапасы» ғы­лыми-зерттеу зертханасы ашыл­­ды. Әлемдік білім беру және ғылыми-ақпараттық жүйе­мен тығыз кірігу стратегиясы жос­парлы түрде іске асырылуда. Халықаралық ынты­мақ­тас­тыққа келер болсақ, универси­тет дәстүрлі байланыстарды те­рең­детіп, оларды жаңа маз­мұн­мен толықтыруды көздейді. Университет әлемнің түрлі аймақтарының 50 озық ғылыми орталықтарымен әріптестік ын­ты­мақтастықта. Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев­тың «100 нақты қадам» – Ұлт жос­парын жүзеге асыру те­рең­ біліктілікті, білімділікті, ше­­б­ер­­лікті қажет етеді. Бұл бо­­лашақ үшін кез келген маман­дықты толық, әрі кәсіби жо­ғары деңгейде игеру дегенді білдіреді. Білім мен ғылым көзін жетілдіруге бағыт-бағдар береді. Ол үшін білім жүйесін инновациялық технологиялармен жабдықтап, білім алу мен оқытудың халықаралық талаптарын меңгерудің ма­ңы­зы зор. Осы орайда, сол­түс­тік өңірдегі білім орда­сында атқарылып жатқан ауқым­ды жұмыстар белгіленген мін­дет­термен өз үйлесімін табуда. Университеттің мате­риал­дық-техникалық базасы жыл сайын жаңартылып отырады. Студенттердің сапалы бі­лім алулары үшін барлық жағ­дайлар жасалған. Соңғы жыл­дары озық аудиториялық қор­мен жаб­дықталған төрт заманауи оқу ғимаратында 40-тан астам фи­зи­ка­лық, химиялық, техника­лық және ауыл шаруашылығы зерт­­ханалары мен шеберханала­ры заманауи атрибуттарға сай жабдықталды. Оқу ордасында 5 интернет-кафе, 8 оқу залы, 57 компьютерлік және мульти­медиялық сынып, 4 мұражай бар. Сонымен қатар, университетте 2 студенттер үйі, 3 жатақ­хана, ғалымдар үйі, сту­дент­тік тамақ­тану орталығы, монша және кір жуу кешені, қызметкерлерге арнал­ған ведомстволық 18 пәтер бар. Бас оқу ғимаратында оқу дәріс­ханаларында пайдаланыла­тын бұйымдарды дайындайтын жиһаз цехы ашылды. Білім алушылардың теориялық білімдерін тәжірибемен ұштас­ты­ру мақсатында құрылған «Элит» оқу-ғылыми-өндірістік кешені де өз қызметін табыспен жүзеге асыруда. Кешен ауыл шаруашылығына қажетті техникалармен толық қамтылған. Мемлекеттік қолдаудың нәтиже­сін­де 300 гектар жер бөлініп, студент­теріміздің тәжірибеден өтуіне мүмкіндік туып отыр. Сондай-ақ, аталған кешенде 150 дәнді және майлы дақылдар сұрыптарын аймаққа үйлестіру, бейімдеу бағытындағы ғылыми жұмыстар жасалуда. Бүгінде мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы мамандықтарын дамытуға арналған жұмысты жүргізуге, мал азығын дайындауға қол жет­кізіп отырмыз. Мұндағы негізгі мақсат – тиісті мөлшерде мал басын ұстап, соның негізінде оқу ғылыми-тәжірибелік жұмыс­тар­ды жүргізу. Болашақта студент­теріміз аталмыш кешенде малды азықтандыру, ұрықтандыру, төлдету сияқты жұмыстарды жүргізіп, оқу барысында алған теориялық білімдерін тәжірибе жүзінде іске асыратын болады. Филология және педагогика факультетінде лингафонды кабинеттер іске қосылды. Техникалық мамандықтарда оқи­тын студенттер үшін әс­ке­ри кафедраның ашылуы қарастырылуда. Бұған қоса, 20 жылдық мерейтойымыз шеңберінде 310 орындық жа­тақ­хана студенттер игілігіне беріл­мек. Студенттер үйі мен жатақханалар да бүгінгі күннің тала­бына сай жабдықталған. Университетте 700 мың данадан астам қоры бар кітапхана қыз­мет көрсетеді. Кітап қоры жыл сайын жаңартылып, толық­тырылуда. Жеке баспаханамыз да қолымызды ұзартып отыр. «Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік уни­вер­си­­теті­нің хабаршысы. Филоло­гия­лық топтама» ғылы­ми журналы, «Алау» атты газет шығып тұрады. Біздің университетте­ сту­дент­тердің оқудағы жетіс­тік­терін және сабаққа қатысуын есепке алуды қамтамасыз ететін лицензияланған бақылау және басқару электронды заманауи жүйесі (КББЖ) бірінші болып енгізіліп, қалыпты қызмет етуде. Заманауи спорт базасы қызмет көрсетеді. Оның құрамына дене шынықтыру-сауықтыру кешен­дері, спорт залдары, Зеренді демалыс аймағының орманды алқа­бында орналасқан «Тұлпар» спорт­тық-сауықтыру лагері кіреді. «Үш тұғырлы тіл – ұлт ке­ле­­ше­гі» ұстанымын негіз­ге алған университетте оқу үде­рі­­сі көптілділік білім беру бағ­дар­­ламасына сай өткізіледі. Бағ­дар­лама жаратылыстану ғылымдары факультетінің математика, физика, информатика, экология, химия, биология, география мамандықтары мен магистратураны да қамтиды. Студенттердің академия­лық же­тіс­тіктерін бақылау «PLATONUS» автомат­тан­ды­ры­­­лған жүйесі негізінде іске асы­­рылады. Университетте ака­демиялық ұтқырлық бағ­дар­ламасы белсенді түрде іске асырылуда. «Эразмус», «ДААД», «АЙРЕКС», «ЛОГО», «ТЕМПУС» халықаралық алмасу бағдарламасы, Президенттік «Болашақ» бағдарламасы және тағы басқа бағдарламалар аясында оқытушылар мен студенттер Австрия, Швейцария, Германия, Ұлыбритания, АҚШ, Ресейдің жоғары оқу орындарында білім алуда. Сонымен бірге, университетімізде Ресей, Қытай, Израиль, АҚШ, Түркия және Орталық Азия елдерінің студенттері оқиды. Ресейдің Ф.Достоевский атындағы Омбы мемлекеттік университетімен бірге магистратураның диплом­дық білім беру бағдарламасы іске асырылуда. Университет студенттерінің түрлі деңгейдегі конкурстарға қатысып, жоғары жетістіктерге қол жеткізуі олардың ғылы­ми-зерттеу қызметінің көрсеткіш­тері болып табылады. Аталмыш оқу орнының білім алушылары студенттердің республикалық пәндік олимпиадасына қатысып, 25 жүлделі орынды жеңіп алды. Университеттегі тәрбие жұмысы жақсы ұйымдастырылған. Бізде жастар ісі жөніндегі комитет (ЖІК), студенттік мәслихат, «Жас Отан», «Атамекен» сту­дент­­тік ассамблеясы, өзге де студенттік ұйымдар бел­­сен­ді жұмыс істейді. Универ­си­тет студенттері облыстық, рес­публи­калық және халықаралық турнирлерге, Ақмола облысы әкімінің жүлдесі үшін өтетін сайыстарға, студенттік спарта­киа­даларға, әр алуан спо­рт­ түрлері бойынша ұйым­­дас­ты­рылатын униве­рс­и­а­дал­ар­ға, әлем, Еуропа, Азия чемпионат­тарына қатысып, жүлдегер атанып жүр. Жаңа оқу жылында педаго­гика­лық және экономика­лық мамандықтар бойынша университет жанынан көпсалалы колледж ашылды. Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекет­тік университетінде 2011 жыл­­дан бастап Қамқорлық кеңе­сі жұмыс істейді. 2016 жылы университет­те Бақылау кеңе­сі құрылып, та­мыз айында оның бірінші отырысы өтті. Оқу үдерісінің практикалық бағыттылығын кү­шей­ту мақ­сат­ында қаладағы өндір­і­стер мен кәсіпорындарда ка­фе­д­ра­- лардың филиалдары құры­л­- ды. Мемлекеттік-жеке­мен­­шік әріптестік аясында облы­с­ы­­мыз­дың 9 ауданымен, сондай-ақ, өңірдегі өнеркәсіп секторының 14 кәсіпорнымен ынтымақтастық туралы мемо­ран­думға қол қойылды. Оқу орнының даму са­ты­сы­ның қай кезеңіне тоқталсақ та, Ш.Уәлиханов атындағы Көк­шетау мемлекеттік уни­вер­­­ситетінің әрдайым озық, алдыңғы қатарда көрі­ніп жүргеніне куә боламыз. Университет аймақ­тың зияткерлік және рухани өмірінің өзегі болып, ал оның ұжымы білім беру саласында адал, мінсіз қызмет ету үлгісін көрсетуде. Әбдімүтәліп ӘБЖАППАРОВ, Көкшетау мемлекеттік университетінің ректоры, техника ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ақмола облысы