• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
02 Қараша, 2016

«Аманат» фильмі АҚШ-та көрсетілді

446 рет
көрсетілді

Режиссер Сатыбалды Нарымбетовтің Оскарға ұсынылған «Аманат» фильмі Лос Анджелесте «Asian World Film Festival» - де көрсетілді.  Фильм жанды дауыспен, ағылшын тілінде орындалды. Көрермен жылы қарсы алып,  қошемет көрсетті. «Біз бұл картинаны 6 жыл түсіреміз дедік. Дәл Кенесары ханның өзін түсіргіміз келді. Алайда,  осы уақытқа дейін бұл тақырып қорғалып, ешкімге түсіруге берілмеген болатын,» - дейді тарихи драманың продюсері Арман Асенов. Фильм мемлекеттің 300 мың доллар  қаржысына түсірілген, алайда прокатта 500 мың доллар табыс тапқан. «Бұл фильмге үлкен үміт артамын, өйткені бұл картина қазақ халқының басынан кешкен тарихын, ақ патшаның  отарлау саясатын, Ресей мемлекетінің қарамағындағы жылдарды, яғни кеңесік кезеңді суреттейді. «Оскар» Қазақстан үшін үлкен ұтыс десек де болады», -  деді А.Асенов. Айта кетейік, «Аманат» Оскар премиясында «Ағылшын тіліндегі үздік фильм» ретінде ұсынылған болатын. «Аманат» фильмі  үш кезеңді қамтиды. XIX ғасырдың ортасы, 40-50 жылдарды және 1960 жылдардың соңын көрсетеді.  Әр кезеңде де басты рөлде Кенесары хан, тарихшы Ермұхан Бекмаханов, және публицист Рамазан көрсетіледі.