Қазақстандық Геннадий Головкин ең табысты Pound-For-Pound боксшылар ондығында Forbes басылымының жаңартылған рейтінгінде екінші болып тұр, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Бұл тізімде Головкин бұрынғысынша мексикалық Сауль "Канело" Альвареске жол беріп тұр. Алварестің соңғы жекпе-жегі 20 миллион доллар жинаған болатын. Ал Головкин түрлі басылымдардың мәліметінше, Келл Брукпен қыркүйекте өткізген жекпе-жегі үшін үштен бес миллион долларға дейін табыс тапқан. Бұл гонорар GGG үшін рекордты болып келеді.
Ең табысты P4P боксшылар ондығының тізімі келесідей:
1. Сауль "Канело" Альварес;
2. Геннадий Головкин;
3. Андре Уорд;
4. Сергей Ковалев;
5. Владимир Кличко;
6. Кит Турман;
7. Деонтей Уальдер;
8. Теренс Кроуфорд;
9. Роман Гонсалес;
10. Эррол Спенс.