Бішкекте «Ала-Арча» мемлекеттік резиденциясында Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев пен Қырғыз Республикасы Премьер-Министрінің міндетін атқарушы Сооронбай Жээнбековтің екіжақты кездесті.
Тараптар Қазақстан мен Қырғызстанның әлеуеметтік-экономикалық даму келешегінің, соның ішінде экономикалық ықпалдастық, техникалық жәрдемдесу және тарифтік саясат саласындағы даму мәселелерін талқылады.
Еске сала кетейік, 3 қарашада, Бішкекте ШЫҰ мүше мемлекеттердің үкімет басшыларының кеңесі өтеді. Бүгінде Қазақстан ШЫҰ төрағасы болып табылады, ал 2017 жылдың 8-9 маусымында Астанада ұйымға мүше мемлекеттер басшыларының Саммиті өтеді.