• RUB:
    5.05
  • USD:
    489.06
  • EUR:
    536.21
Басты сайтқа өту
02 Қараша, 2016

Серпіліс тудырған халықаралық жиын

280 рет
көрсетілді

«Бұлақ көрсең көзін аш» деген қазақы даналықты берік ұстанған жетісулық ғалымдар Талдықорғанда халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізді. Мемлекеттік саясатқа сай өркениетке ұмтылу барысында бұл жолы Түркия, Ресей, Украина, Болгария мемлекеттерінен келген оқымыстылармен тәжірибе алмасты. Сөйтіп, «Заманауи сын-тегеуріндер мен қоғамның жаһандану жағдайында Қазақстандағы білім мен ғылымның инновациялық әлеуеті» тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өз жұмысын бастады. Пленарлық мәжілісті І.Жансү­гіров атындағы Жетісу мем­­лекеттік университетінің ректоры, география ғылымдарының докторы, профессор Қуат Баймырзаев ашып, жүргізіп отырды. Ол халықаралық конференцияның мақсаты мен міндетіне тоқталып, маңыздылығын атап өтті. Конференция жұмысына ше­тел­дік ғалымдар және елі­міз­­ге танымал ғылым доктор­ла­ры мен профессорлар, уни­вер­­ситеттің оқытушы-профес­сор­­­лары мен студенттері, бар­лы­ғы 250 адам қатысты. Конфе­рен­­ция мақсаты – ғылым мен инно­ва­цияның бірқатар тео­рия­лық жә­не практикалық қиын­дық­та­рын және білім беру, эконо­ми­ка, ақпараттық техноло­гия, қоғамдық, әлеуметтік, техника­лық ғылымдар дамуының өзекті мәселе­лерін талқылау болды. Әлбет­­те, Қазақстандағы білім мен ғылымның инновациялық әлеуе­тін арттыруға өзіндік үлес қосу екені тағы анық. Пленарлық мәжілісте Ресей­дің К.Д.Ушинский атындағы Ярос­­лавль мемлекеттік педаго­гикалық университетінің доценті, психо­­логия ғылымдарының канди­даты Ольга Беляева: «Мек­­­теп бітірушілердің кәсі­би ма­ман­дықты анықтау кезе­ңін­­де оқу-тәрбие процесі субъек­ті­­ле­рі­­нің өзара әрекеті», Түр­кия Рес­публикасы Гази уни­вер­си­теті педагогикалық білім­дер факультетінің PhD докто­ры Мех­мет Акиф Сөзер: «Оқыту­дың жаңа тәсілдері», әл-Фара­би атын­дағы Қазақ Ұлттық универ­си­те­тінің профессоры, пе­да­­го­гика ғылымдарының док­то­ры Ораз Сатыбалдиев: «Тех­ни­­ка­лық жоғары оқу орны сту­ден­т­теріне математикалық пән­дерді оқытудың жаңа моделі» тақырыптарындағы баяндамала­рын оқыды. Түркия, Ресей және Қазақстанның жетекші жо­ға­ры оқу орындарынан келген ғалымдардың баяндамалары өзектілігімен ерекшеленіп, кон­­- ф­е­­ренцияға қатысушылар тара­пы­нан қызығушылық тудырды. Баян­дамашыларға білім беру, эко­номика, ақпараттық технология, қоғамдық, әлеуметтік және тех­никалық, жаратылыстану ғылымдарының дамуы жайлы көптеген сұрақтар қойылып, пікірлер айтылды. Конференция жұмысына 230 адам ғылыми мақалаларын ұсы­н­ды. Оның ішінде Болгария, Түр­кия, Ресей, Украина елдері жо­ғары оқу орындарынан 36 ма­қала, еліміздегі жоғары оқу орындары­нан 18 мақала, мектептер мен кол­ледждерден 35 мақала, ал І.Жансүгіров атындағы Жетісу мем­лекеттік университетінің оқы­тушы-профессорлар құрамы, студенттер, магистранттар мен докторанттары 140 мақала ұсынды. Конференция екі күнге созылды. Пленарлық мәжілістен кейін: «Білім беру мен қолдан­балы зерттеулердегі жаңа ақпа­­ра­т­тық-математикалық және жа­­ра­ты­лыстану-ғылыми техно­ло­гия­лар», «Қазақстандық жә­не әлемдік экономиканың өзек­ті мәселелері», «Жаһандану жағ­­дайындағы гуманитарлық бі­лім­­дердің өзекті мәселелері», «Жоғары оқу орнынан кейінгі бі­лім беруде мамандарды қайта даяр­лау және біліктілігін арттыру», «Іргелі және қолданбалы ғы­лыми зерттеулердің иннова­циясы мен дамуы» бойынша 5 сек­ция жұмыс істеді. Кон­фе­ренцияның екінші күнінде іс-ша­ра қорытындыланып зама­науи сын-тегеуріндер мен қо­ғам­­­­­ның жаһандану жағдайын­да Қа­зақ­стандағы білім мен ғы­лымның ин­новациялық әлеуетін арт­тыру бойын­ша нақты ұсыны­мдар жасалады. Қоры­та айтқанда, осы­ған дейін бұйығылық таныт­қан университет ғалымдары мен сту­денттері бұл күні тың қадамдар жасау­ға ұмтылғаны қуантты. Шетел­дік ғалымдармен өзара пікір алмасып, ой бөліскен жас ғалымдар қадамы тың серпіліс тудырды. Нұрбол ӘЛДІБАЕВ, «Егемен Қазақстан» ТАЛДЫҚОРҒАН