Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев Түркия президенті Реджеп Тайип Эрдоганмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды egemen.kz Ақорда сайтына сілтеме жасап.
Мемлекет басшысы Эрдоганды Түркияның ұлттық мейрамы - Республика күнімен құттықтап, түрік халқына бейбітшілік пен өсіп-өркендей беруін тіледі.
Сонымен қатар тараптар екіжақты ынтымақтастық, халықаралық және аймақтық маңызды мәселелерді талқылады.