• RUB:
    5.05
  • USD:
    489.06
  • EUR:
    536.21
Басты сайтқа өту
04 Қараша, 2016

Өңірлік хаб елдері мемлекеттік қызметке жаңа технологиялар енгізуді талқылады

425 рет
көрсетілді

Астанадағы мемлекеттік қызмет саласындағы Өңірлік хабқа қатысушы-елдер өкілдері Сараевода (Босния және Герцеговина Федерациясы) «Мемлекеттік қызметке кадр іріктеуді жетілдіру перспективалары: адам ресурстарын басқаруды ақпараттандыру жүйесі» атты семинарға қатысты. Семинарды Босния және Герцеговинаның мемлекеттік қызмет бойынша Агенттігі, Өңірлік хаб және БҰҰ Даму Бағдарламасы ұйымдастырды. Семинар жұмысына Хабтың қатысушы-елдері – Қазақстан, Әзірбайжан, Армения, Грузия, Литва, Молдова, Эстония, Босния және Герцеговина Федерациясы, Македония Федерациясының өкілетті органдарының өкілдері қатысты. Семинарда тек мемлекеттік қызметкерлер ғана емес, халықаралық сарапшылар мен жаңа технологиялар саласындағы халықаралық ұйым өкілдері ойларын ортаға салды. Семинарды Босния және Герцеговина Федерациясының вице-президенті Мелика Махмутбегович, Босния және Герцеговина Федерациясының мемлекеттік қызмет істері бойынша Агенттік директоры Рефик Бегич пен Өңірлік хаб аппарат жетекшісі Ернар Жаркешов ашып, семинардың маңыздылығын атап өтті. Олар бұл шараны өткізу мемлекеттік қызметкерлерді сапалы іріктеу үшін заманауи технологиялар қолдануға ықпал ету қажеттілігінен туындағанын алға тартты. Семинар барысында адам ресурстарын басқару саласына жаңа технологияларды енгізу бойынша Хабқа қатысушы-елдер, оның ішінде Қазақстанның озық тәжірибелері таныстырылды. Қазақстанның Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі өкілдері «Е-kyzmet» ақпараттық персоналды басқару жүйесінің негізі қағидаттары жайлы баяндады. Жиынға қатысушылар сонымен бірге Литваның мемлекеттік қызметкерлері реестрі мен ақпараттық жүйесін құру, Грузияның персоналды басқару электронды жүйесі, Молдованың адам ресурстарын басқаруға арналған IT-жүйесін құру механизмдері мен басқа да озық тәжірибелермен танысты. Семинарға қатысушылар семинар «теңмен тең» форматында өзара тәжірибе алмасуға, білімдерін жетілдіріп, әріптестік қарым-қатынастарын нығайтуға септігін тигізгенін атап өтті. Қазіргі таңда Астана хабы құрамы ЭЫДҰ, ТМД, ASEAN елдері кіретін 36 мемлекетке кеңейген. Хаб Қазақстан Үкіметі және БҰҰ Даму Бағдарламасы бастамасымен аймақ елдерінің мемлекеттік қызмет саласында тұрақты білім және тәжірибе алмасуы үшін құрылған.