• RUB:
    5.04
  • USD:
    490.84
  • EUR:
    536.88
Басты сайтқа өту
18 Қараша, 2016

Түркия президенті Өзбекстанға барды

286 рет
көрсетілді

Түркия президенті Режеп Тайип Ердоған жоғары лауазымды тұлғалармен кездесу үшін Өзбекстанға барды. Ердоған мінген ұшақ Өзбекстанға 17 қараша күні кешкісін қонды. Бүгін Өзбекстан президентінің міндетін атқарушы Шавкат Мирзияевпен және өзге де жоғары лауазымды тұлғалармен кездеседі. Ердоған сонымен бірге Өзбекстанның тұңғыш президенті 25 жыл бойында елді билеген Ислам Каримовтің зиратына барады. Үстіміздегі жылдың қыркүйек айында Каримов туған жері Самарқанда жерленді. Түркия президенті Өзбекстанға Пәкістан сапарынан кейін барды. Ол 17 қарашада Пәкістан парламентінде сөйлеген сөзінде Батысты ислам әлемін хаосқа айналдырды деп айыптады. Ол мұсылман халқын "экстремизммен күресу үшін" алауыздықтан қашуға шақырды.