• RUB:
    5.04
  • USD:
    490.84
  • EUR:
    536.88
Басты сайтқа өту
19 Қараша, 2016

Аймақтық БАҚ-тың бүгіні мен болашағы

1344 рет
көрсетілді

«Қазмедиа» орталығында аталған тақырыпқа арналған алқалы жиын өтті Кеше Астанадағы «Қазмедиа» орталығында аймақтық БАҚ форумы өтті. Онда еліміздегі ақпарат саласының бүгіні мен болашағы жайлы айтылып, масс-медиа мәселелері талқыланды. Шараға Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев пен республикалық және облыстық басылымдардың басшылары, телеарналардың директорлары, сондай-ақ, Президент Әкімшілігінің өкілдері мен Парламент Мәжілісінің депутаттары және ресейлік танымал тележурналистер қатысты. – Бүгінгі форум Елбасының тікелей тапсырмасына сәйкес өткізіліп отыр. Сондықтан да, осы шараға еліміздің жетекші БАҚ өкілдері шақырылды. Ресми мәліметтерге сүйенсек, қазіргі таңда еліміз бойынша 3 мыңға тарта бұқаралық ақпарат құралы жұмыс жасайды. Мұның 80 пайызға жуығын аймақтық БАҚ-тар құрайды. Осы жерде айтарым, қарап отырсақ, қазіргі кезде кез келген сайттар мен порталдар әлеуметтік желілердің жылдамдығына ілесе алмай келеді. Неге? Өйткені, сағаттың тіліндей сырғыған уақыттың талабы – ақпаратты жедел әрі сапалы тарату ғана емес, тұтынушының қызығушылығын дәл тауып, оқырманмен байланыс орната білу. Сонымен қатар, елдің мүд­десін, халықтың мұң-мұқтажы мен өңірдегі басқа да бағыт бағдарын жұртшылыққа тиім­ді тәсілдермен жеткізу, – деді Д.Абаев. – Бүгінгі форум Елбасының тікелей тапсырмасына сәйкес өткізіліп отыр. Сондықтан да осы шараға еліміздің жетекші БАҚ өкілдері шақырылды. Ресми мәліметтерге сүйенсек, қазіргі таңда еліміз бойынша 3 мыңға тарта бұқаралық ақ­парат құралы жұмыс жасай­ды. Мұның 80 пайызға жуығын аймақтық БАҚ-тар құрайды. Осы жерде айтарым, қарап отыр­­сақ, қазіргі кезде кез кел­­ген сайттар мен порталдар әлеуметтік желілердің жыл­­­дамдығына ілесе алмай ке­­леді. Неге? Өйткені, са­ғат­тың тіліндей сырғыған уа­қыт­­тың талабы – ақпаратты же­­­­дел әрі сапалы тарату ғана емес, тұтынушының қызы­ғу­шы­­лығын дәл тауып, оқыр­ман­­­мен байланыс орната бі­лу. Сонымен қатар, елдің мүд­де­сін, халықтың мұң-мұқтажы мен өңірдегі басқа да бағыт- ба­ғ­­дарын жұртшылыққа тиім­ді тә­сілдермен жеткізу, – деді Д.Абаев. Оның айтуынша, қазір бұ­­қараның бұқаралық ақпа­рат құралдарына деген көз­қа­ра­сы мүлде бөлек. Олар жур­­налистерден толымды та­қы­рып­­тағы мақала мен шы­на­йы ақ­парат күтеді. Сондықтан да қа­­ламын қару, микрофонын азық еткен журналистер жаңа­лық­­тың жаршысы боларда ел­ге беретін өнімінің сапасына да назар аударуы керек. – Расын айтайық, еліміздегі өңір­лік БАҚ-тардың рөлі соң­ғы уақытта арта бастады. Тіл­шілер қауымы билік пен ха­лық­тың алтын көпірі деген атты абыройлы арқалап жүр, – де­ді әрі қарай министр. Осы жерде форумға қа­ты­су­шылар тарапынан Дәурен Абаевқа ұсыныстар айтылды. Мәселен, «Алматы» теле­ар­на­сының бас директоры Әлібек Әлденей Қазақстанның ме­диа-нарығында Ұлттық телерадио хабарларын таратушылар қауымдастығы секілді көптеген қоғамдық БАҚ ұйым­да­ры бар екенін тілге тиек ете ке­ліп, олардың бағыттары өте тар, бірде-бір өңірлік БАҚ-ты қамтымайтынын айтты. Соны­мен бірге, журналистер қау­ымы­ның көп жағдайда құқығы қорғалмайтынын жет­кізді. – Осыған орай менде мына­дай ұсыныс бар. Сіз өңірлік БАҚ-тың мүддесін қорғайтын жаңа альянс құру идеясына қалай қарайсыз? – деді Әлібек Әлденей. Бұған Дәурен Абаев: «Иә, мұндай альянс керек деп ойлаймын. Өңірлік жур­налистер альянсын құру ұсы­нысын толықтай қолдауға болады. Бұған қоса, шынымен де мемлекеттік тапсырыс аясында әзірленетін контенттермен ал­масатын уақыт жетті. Біз бұл контенттерді өңірлерге беруге дайынбыз. Бұл, әсіресе, өңір­лік телеарналар үшін барынша маңызды болар еді», – дей келе, облыстық га­зет­тер­дің мәселесіне де тоқ­тал­ды. – Алдағы 21 қараша күні облыс әкімдерінің орынба­сарларын жинап, жиналыс өткіземін. Онда еліміз бой­ы­н­ша қазақ және орыс тіл­ді 25 облыстық газет­тер­ді же­­кеменшікке беру не­ме­се рес­публикалық «Еге­мен Қа­зақ­стан» мен «Казах­стан­ск­ая правда» газеттерінің құ­­р­а­­­мына қосу мәселесін тал­­қылаймыз. Сондықтан да нақты шешімді айта алмай­мын, – деді министр. Со­ны­мен қатар, ол келесі жыл­дан бастап мемлекеттік тап­сы­рыстың тарифін арттыратынын жеткізді. Оның айтуынша, бұл БАҚ үшін өте тиімді болмақ. – Министрлік мемлекеттік тапсырыстың бағасын өсірсе, аймақтық БАҚ-тың қазанына біршама мол қаржы түсіп, әлеу­меттік-экономикалық аху­алы артады. Бұл сіздер үшін ең басты жаңалық деп есептеймін. Қазіргі таңда ми­ни­стрлік тарифке байланысты егжей-тегжейлі тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр, – деді Дәурен Абаев. Мұнан бөлек форумда медиа саласының дамуы, теле­арналардың көрермен сұра­нысын қанағаттандыру жайы айтылды. Баяндама жасаған «Астана» арнасының бас дирек­торы Ләззат Танысбай медиа­кеңістіктегі табыс көзі­нің негізгі бөлігі саналатын жарнамаға тоқталды. – Қазір телеарналардағы жар­намадан түсетін табыс 15 пайызға төмендеді. Есесіне қа­зақ тілді көрермен 82 пайызға жетті. Көзі ашық, кө­кірегі ояу халық арналардан жұлдыздар өмірін емес, қоғамдағы шынайы бейнелерді баяндайтын өнімді көргісі келеді. Мен өз тәжірибеме сүйеніп айтарым, қазір жұртшылыққа жылдам ақпарат пен боямасыз тірлікті көрсететін хабарлар қажет, – деді ол. Ал ресейлік «НТВ» теле­арна­­сының журналисі Лилия Гильдеева халықаралық БАҚ-тың бүгінгі бет-бейнесін сөз етті. Оның пікірінше, ше­те­л­­­дік бұқаралық ақпарат құ­­­рал­дары қоғамдағы құбы­лыс­­ты тым әсірелеп жет­кі­зу­ге құштар. Олардың басым бө­лігі кәсібиліктен гөрі, көз­бояу­­шылық әрекеттерге жол бе­реді. – Меніңше, әрбір журна­лист бірінші кезекте кәсібіне де­­ген құштарлығын, адал­ды­ғын көрсете отырып, кө­рер­­­мен мен оқырманға шы­най­ы­лықты көрсететін хабар таратуға ұмтылуы ке­рек. Көп жағдайда БАҚ жас жур­налистерді дайындау­да кем­шін түсіп жатады. Мәселен, «НТВ» телеарнасы журналисті жұ­мысқа қабылдамас бұрын, оның жазуына баса мән беріп, жұ­мысты алып кете алатынына көз жеткізеді. Бұл – қазіргі қоғамның талабы, – деді Л.Гильдеева. Жалпы, аймақтық БАҚ-тар фо­рум барысында отан­дық бұ­қ­аралық ақпарат құрал­да­­­рының өзіндік орны мен өзек­ті мәселелері кеңінен қоз­­­ғалып, қатысушылар тара­пы­­нан пікірлер айтылды. Яғни, Қазақстандағы ме­диа­на­рықтың дағдарыс-ме­нед­ж­- менті, бүгінгі қоғам­д­а­ғы бұқа­ра­лық ақпарат құ­рал­да­ры­ның жұрт­шылыққа жылт еткен жа­ңалық таратудағы ж­а­ңаша үлгі­сін енгізудегі ерек­шелігі баяндалды. Форум барысында Дәурен Абаев ақпараттық саланы ай­рықша назарда ұстау кез келген мемлекеттің көкейкесті мә­се­лесі екендігіне тоқталды. Ми­­нистр­дің айтуынша, отан­дық бұқаралық ақпарат құ­ралдарын дамыту, оның ішін­де­гі ауқымды бағыт аймақтық медиа саласын ілгерілету бү­гін­гі күннің басты талабы болмақ. – Осы орайда Ақпарат жә­не коммуникациялар ми­ни­с­тр­лігі Елбасының тапсыр­ма­сы бойынша өңірлік масс-ме­­­дианы жаңа деңгейге кө­теру шараларын қолға алады, – деді министр. Сонымен қа­­­тар, ол ұйымдастырылып отыр­­­­ған  бүгінгі күнгі форум атал­­­­­ған мәселелерді өңір­лік жур­­налистермен бірге тал­қы­лап, өзара пікір мен тә­жі­рибе алмасудың тамаша мүм­кін­дік екенін айтты. Жиын соңында елімізде­­гі өңір­­­­­лік БАҚ өкілдерінің Ел­­­­ба­сы саясатын насихат­­тай оты­рып, бірлік пен тұ­рақ­­т­ы­лық­ты нығайтуға елеулі үлес қосып келе жатқаны тіл­ге тиек етілсе, журналистика саласындағы жетістіктер қа­шанда олардың адал еңбегінің арқасы екені атап көрсетілді. Талғат РАЙЫМБЕК, Егемен Қазақстан» Суретті түсірген Мұхтар Холдорбеков