• RUB:
    5.04
  • USD:
    490.84
  • EUR:
    536.88
Басты сайтқа өту
22 Қараша, 2016

ҰБТ-ға дайындықты қазірден бастау керек – Сағынтаев

326 рет
көрсетілді

Бүгін Үкімет отырысында Премьер-Министр Б.Сағынтаев ҰБТ-2017 науқанын жоғары деңгейде өткізу үшін мұқият дайындалуды тапсырды. Ол ҰБТ жаңа форматы қабылданған жағдайда дайындық жұмыстарын қазірден бастап кету керектігін айтты. - Тестіні әзірлеушілер мен тестілеу орталықтары қандай сұрақтарды құрастырады? Бұл өте маңызды мәселе. Осыны бақылауға алыңыздар,- деді Б.Сағынтаев. Бүгін Үкімет отырысында Білім және ғылым министрі Е.Сағадиев ҰБТ-ның жаңа форматын таныстырған болатын. Арнұр АСҚАР, "Егемен Қазақстан".