• RUB:
    5.04
  • USD:
    490.84
  • EUR:
    536.88
Басты сайтқа өту
23 Қараша, 2016

Өзін өзі «тонапты»

266 рет
көрсетілді

Жуырда көшеде болған көлік қақтығысы кезінде «Ауди» мен «Лада приора» көлігі соқтығысып қалып, ресейлік көліктен түскен жігіттер әлімжеттік қылып, маши­надағы ірі көлемдегі ақшаны алып қашып кеткен. Облыстық ІІД таратқан мәліметте осылай деп хабарланды. Ақшасын алдырған азамат күйініп, полицияға арызданды. Оңай ақша емес, 10 млн теңге. Осы іске полицияның жедел уәкілдері, криминалистер мен тергеушілер жұмылдырылған. Облыстың полицейлері бір кісідей жұмылып, тапа-тал түсте жүргізушіні үптеп кеткен қарақшыларды іздеп жүргенде ақшасы қолды болған азамат мұртынан күліп жүріпті. Осы қылмысты ұйымдастыруға байланысты күдік өзіне түскенде ғана ұры күлкісі тыйылған. «Бақсам, бақа екен» демекші, «тонаушылар» мен «тоналушылар» ұйымдасып, осы сценарийді дайындаған екен. Тергеу барысында ірі сауда орнының өкілі болып жұмыс жасайтын 1986 жылғы азамат өз күнәсін толық мойындапты. Ол сол күні сауда орнынан ірі көлемде ақша алып шығып, сыбайластарына то­нату арқылы із жасырғысы кел­ген. Алайда, арам ойы іске аспады. Бақтияр ТАЙЖАН, «Егемен Қазақстан» Оңтүстік Қазақстан облысы