• RUB:
    5.04
  • USD:
    490.84
  • EUR:
    536.88
Басты сайтқа өту
23 Қараша, 2016

Әуе компаниясы ұшақ билеттерін тегін таратуы мүмкін

407 рет
көрсетілді

Ryanair еуропалық лоукостер басшысы Майкл О'Лири алдағы он жылда әуе компанияларының билеттері тегін болуы мүмкіндігін айтады. Бұл туралы ол Лондонда өткен Airport Operators Association конференциясында мәлімдеді, - деп жазады The Guardian. Басылым мәліметінше, компания әуежайлармен серіктесу арқылы пайда көретін болады. "Мен алдағы бес-он жылда Ryanair билеттері тегін болады деп ойлаймын. Бұл жағдайда барлық рейстер толық ұшады, ал біз  әуежайдағы дүкендерде сауда жасаған жолаушылардан түскен қаржыны әуежайлармен бөлісетін боламыз", - дейді О'Лири. Алдағы уақытта компания билет құнын төмендете бермек. Әуе компаниясы басшысының сөзінше, қазір еуропалық әуежайлар тиімді ұсыныстар жасап жатыр. Ары қарай әуе компаниясы міндеттелген түрлі төлемдер қысқартылып немесе олардан мүлде босатылса, билеттердің тегін болатын күн алыс емес.