• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
18 Наурыз, 2011

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің бұйрығы №305

493 рет
көрсетілді

2010 жылғы 3 қараша, Астана қаласы «Концентрациясы жол берiлетiн шектен асқан ашытқыларды сату туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік санитарлық бас дәрігерінің 2002 жылғы 27 тамыздағы №12 қаулысының күші жойылды деп тану туралы «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 27-бабына сәйкес бұйырамын: 1. «Концентрациясы жол берiлетiн шектен асқан ашытқыларды сату туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік санитарлық бас дәрігерінің 2002 жылғы 27 тамыздағы №12 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №2001 тіркелген, 2002 жылы нормативтік құқықтық актілер Бюллетенінде №47 жарияланған) күші жойылды деп танылсын. 2. Ұйымдастыру-құқықтық және кадр жұмысы басқармасының бастығы (Жандосов Ш.Ө.) бір апта мерзім ішінде осы бұйрықтың көшірмесін қоса бере отырып Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне және ол бұрын жарияланған ресми баспа басылымына хабарласын. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитеті төрағасының орынбасары А.С.Есмағамбетоваға жүктелсін. 4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Төраға – Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері  К.ОСПАНОВ.