• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
18 Наурыз, 2011

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің бұйрығы №554

429 рет
көрсетілді

1 қыркүйек 2010 жылғы, Астана қаласы Жеке тұлғалардың ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдалану ережесін бекіту туралы «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы Қазақстан Республикасының» 2006 жылғы 7 шілдедегі Заңының 12-бабының 1 тармағына сәйкес бұйырамын: 1. Қоса беріліп отырған Жеке тұлғалардың ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдалану ережесі бекітілсін. 2. «Жеке тұлғалардың ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдалану ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің төрағасының 2007 жылғы 9 ақпандағы №54 бұйрығының күші жойылсын (Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актілерді мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде 4563 нөмірмен тіркелген, Заң газетінде 2007 жылғы 3 тамызда №118 (1321) бұйрығының күші жойылды деп танылсын. 3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Табиғат ресурстарын пайдалану стратегиясы департаменті Қазақстан Республикасы (Омаров Ж.Ы.) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде тіркелуін қамтамасыз етсін. 4. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Министрдің м. а.  Е.АМАН. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м. а. 2010 жылғы » қыркүйектегі  № 554 бұйрығымен  бекітілген Жеке тұлғалардың ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдалану ережесі 1. Жалпы ережелер 1. Осы жеке тұлғалардың ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдалану ережесі «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» 2006 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 1-тармағына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленді және жеке тұлғалардың ерекше қор­ғалатын табиғи аумақтардың табиғи ресурстарын пайдалануы мақсатында оларды пайдалану тәртібін айқындайды. 2. Осы Ереже республикалық және жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақ­тарға қолданылады. 3. Жеке тұлғалардың ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың табиғи ресурстарын пайда­лануына белгіленген күзет режиміне байланысты: 1) әуесқойлық (спорттық) аң аулау мен балық аулауды; 2) қорықтың күзет режимі бар орындарын қоспағанда, осы үшін арнайы бөлінген жерлерде жанама орман пайдалануды (жабайы жемістерді, жидектерді, саңырауқұлақтарды, дәрі-дәрмектік шөп­терді әуесқойлық мақсатта жинау, ара ұялары мен омарталар орналастыру, марал өсіру); 3) арнайы бөлінген учаскелерде шөп шабу мен мал жаюды жүзеге асыру мақсаттарында жол беріледі. 4. Жеке тұлғалардың ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдалануы Қазақстан Рес­публикасының Салық кодексіне сәйкес ақылы негізде жүзеге асырылады. 2. Жеке тұлғалардың заңды тұлға мәртебесі бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдалануы 5. Жеке тұлғалардың мемлекеттік ұлттық табиғи парктер, мемлекеттік табиғи резерваттар, мемлекеттік өңірлік парктер аумағында әуес­қой­лық (спорттық) аң аулауына және балық аулауына шектеулі шаруашылық қызмет аймақтарында жол беріледі және уәкілетті орган бекітетін мемлекеттік ұлттық парктер аумағындағы реттелмелі туризм және рекреация ережесіне сәйкес жүзеге асырылады. Мемлекеттік табиғи қорықтарда әуесқойлық балық аулау «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 43-1 бабына сәйкес жүзеге асырылады; 6. Мемлекеттік ұлттық табиғи парктер, мемлекеттік өңірлік парктер, мемлекеттік табиғи резерваттар аумағында шөп шабуға және мал жаюға Қазақстан Республикасының орман заңнамасына сәйкес шектеулі шаруашылық қызмет аймақ­тарында ғана жол беріледі. Мемлекеттік табиғи қорықтардың күзет ай­мақ­тарының аумағында биологиялық сан алуан­дықты ұзақ мерзiмдi сақтау мен оның берiктiгін қамтамасыз ету шеңберiндегi мал жаюға және шөп шабуға, сондай-ақ өзге де қызметке жол беріледі. 7. Қорықтың күзет режимі орындарын қос­пағанда, осы үшін арнайы бөлінген жерлерде жанама орман пайдалану (жабайы жемістерді, жидектерді, саңырауқұлақтарды, дәрі-дәрмектік шөп­терді әуесқойлық мақсатта жинау, ара ұялары мен омарталар орналастыру) Қазақстан Рес­публикасының орман заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. 3. Жеке тұлғалардың заңды тұлға мәртебесі жоқ ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдалануы 8. Жеке тұлғалардың мемлекеттік қорық ай­мақтары мен мемлекеттік табиғи қаумалдардың аумағын пайдалануы: 1) Заңының 69-бабына, ерекше қорғалатын табиғи аумақтың паспортына; 2) Заңының 72-бабына сәйкес ерекше қор­ға­латын табиғи аумақтар режимі сақталған жағ­дайда көрсетілген ерекше қорғалатын табиғи аумақтар орналасқан жер учаскелерінің нысаналы пайдаланылуына сәйкес айқындалады. Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2010 жылғы 6 қазанда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №6521 болып енгізілді.