Қазақстандық кәсіпқой боксшы Жанқош Тұраров «Профи Бокс Казахстана» онлайн басылымына берген сұхбатында 18 наурызда Нью-Йорктың «Madison Square Garden» аренасында өтетін Геннадий Головкиннің кезекті жекпе-жегі жайлы өз пікірін білдірді. Бұл туралы sports.kz хабарлады.
«Жақсы кездесу. Меніңше, Головкин Джейкобсты сегізінші раундқа жеткізбей-ақ нокаутпен жеңеді», – деді Тұраров.
Айта кетейік, 26 жастағы Жанқош Тұраров кәсіби рингте 20 кездесу өткізіп, барлығында жеңіске жеткен. Бұған дейін ол келесі кездесуі АҚШ-та өтетінін мәлімдеген болатын.