• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
09 Қаңтар, 2017

«Астана» ойыншысы «Валенсияға» кетеді

319 рет
көрсетілді

«Астананың» жартылай қорғаушысы Неманья Максимович Испанияның «Валенсия» клубымен 2022 жылдың маусым айына дейін алдын ала келісімшартқа отырды. Бұл туралы sports.kz хабарлады. «Валенсия» – Еуропаның алпауыт командаларының бірі. Келіссөздер ұзаққа созыла қойған жоқ. Маған көптеген клубтардан ұсыныс түскені рас. Бірақ мұнда бәрі өзгеше. Ұжымның алға қойған мақсаты зор. «Астана» бұған еш қарсылық білдірмейді деп үміттенемін. Бұл іс алдағы 5-6 күнде аяқталады деген ойдамын», – деді Максимович. Оның келісімшарт мерзімі 2017 жылдың маусым айында аяқталады. Егер «Астана» өз ойыншысын жіберуге қарсы болса, сербиялық жазда ауысады. Бұған дейін Неманья Максимовичке Португалияның «Бенфика», «Спортинг» Италияның «Ювентус», сондай-ақ, «Монако» командаларынан ұсыныс түскен. B92 басылымының мәліметі бойынша 21 жастағы хавбек 5 жылда 7 миллион еуроны ақша алады. Айта кетейік, ол 2015 жылы Сербияның жастар құрамасымен (U-21) әлем чемпионы атанса, өткен жылы негізгі құрамаға алғаш рет шақырту алып, үш жолдастық кездесуге қатысқан. Елордалықтардың сапында 2015 жылдың ақпан айынан бері өнер көрсетіп келеді. Осы уақыт аралығында екі дүркін ел чемпионы атанып, бір мәрте Қазақстан Кубогында жеңіске жеткен. Премьер-лигада 54 ойынға қатысып, 9 голдың, 6 нәтижелі пастың авторын атанған. Сонымен қатар, өз клубын Чемпиондар лигасы мен Еуропа лигасының топтық кезеңіне жолдама алуға септігін тигізген. «Валенсия» – Еуропа рейтингінде алғашқы ондыққа жиі кіреді. Өз тарихында 6 рет Испания чемпионы атағына қол жеткізген. Ал биыл Ла лигада 12 ұпаймен 20 команданың ішінде 17-орында келеді.