• RUB:
    5.09
  • USD:
    487.37
  • EUR:
    532.94
Басты сайтқа өту
09 Қаңтар, 2017

Санчес Головкиннің салмақ ауыстыратыны туралы айтты

269 рет
көрсетілді

WBA (Super), IBO, WBC және IBF нұсқалары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкиннің (36-0, 33 КО) жаттықтырушысы Абель Санчес өз шәкіртінің салмақ дәрежесін ауыстыратыны туралы мәлімдеді. Бұл туралы vesti.kz хабарлады. Оның айтуынша GGG 168 фунтқа көтерілуі мүмкін. «Головкин үлкен жекпе-жектер өткізу үшін 168 фунтқа көтеріліп, қайтадан 160 фунтқа түскені дұрыс деп ойлаймын. Бірақ меніңше, ол бір жарым жылдан кейін 168 фунтта қалып, кіл мықтылармен айқасады. Бәлкім, үш жылдан кейін 168-175 фунт аралағына тоқтауы мүмкін» деді Санчес. «Бұл жерде промоутерлер мен менеджерлердің пікірі үлкен рөл атқарады. Олардың ұсынысына қарап, Головкиннің карьерасына тиімді жағын таңдайтын боламыз. Сонымен қатар, бұл салмақта тек қана сөз жүзінде емес іс жүзінде де келісімге келіп, үлкен кездесулер өткізе алатынымыз да маңызды болмақ», – деп World Boxing News басылымына сұхбат берді. Айта кетейік, 18 наурызда АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында қазақстандық былғары қолғап шебері америкалық Дэниел Джейкобспен жұдырықтасады.