• RUB:
    5.09
  • USD:
    487.37
  • EUR:
    532.94
Басты сайтқа өту
09 Қаңтар, 2017

ОПЕК бас хатшысы "Жыл адамы" атанды

409 рет
көрсетілді

Мұнай экспорттаушы елдер ұйымы (ОПЕК) бас хатшысы Мұхаммед Сануси Баркиндоны The Daily атты африкалық ғаламтор баспасөзі 2016 жылғы "Жыл адамы" деген атқа лайық деп тапты. Басылымның мәліметінше, шикізаттық дағдарыстың кезінде әлем елдерінің экономикасын алға сүйреуге Баркиндоның қосқан үлесі орасан. 2016 жылдың басындағы мұнай бағасын 30 доллардан жыл соңында 55 долларға дейін көтергені үшін мұнай экспорттаушы елдер Баркиндоның еңбегін жоғары бағалайды. "2016 жылдың 1 тамызында осы лауазымға келгенінен кейін шикізат нарығы тың серпін алды," - деп жазады басылым. Естеріңізге сала кетейік, өткен жылдың соңында ОПЕК+ елдері (ұйымға мүше және мүше емес мемлекеттер) 2008 жылдан бергі ірі тарихи құжатқа қол қойып, биылдан бастап мұнай өндірісі көлемін тәулігіне 1,8 млн баррельге азайтуға келіскен еді.