• RUB:
    5.09
  • USD:
    487.37
  • EUR:
    532.94
Басты сайтқа өту
09 Қаңтар, 2017

Былтыр жүктілік, босану, бала күтіміне 125,5 млрд теңге төленді

420 рет
көрсетілді

2016 жылы Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (әрі қарай - МӘСҚ) жүктілік пен босануға, бала асырап алуына, бір жасқа дейінгі баланың күтіміне байланысты кірісінен айырылған жағдайға байланысты азаматтарға 125.5 млрд. теңге төленді, деп хабарлады ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің баспасөз қызметі. Егер азаматша міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушысы болса, оған республикалық бюджеттен берілетін әлеуметтік жәрдемақыдан басқа, жүктілік пен босануға, бала асырап алуына байланысты кірісінен айырылған жағдайда МӘСҚ-нан әлеуметтік төлемдер беру қарастырылған. 2016 жылы мұндай әлеуметтік төлемдер 56,5 млрд. теңге сомасында 174 366 әйелге берілді. Бір жасқа дейінгі баланың күтіміне байланысты кірісінен айырылған жағдайда МӘСҚ-нан берілген ай сайынғы төлемнің орташа мөлшері 2016 жылы 22 349 теңгені құрады. Ай сайын әлеуметтік төлемнің мұндай түрін 69 млрд. теңге сомаға 201 мың адам алды.